Атыраудағы жолаушылар пойызы апатының алдын-ала себебі аталды
2014 ж. 25 сәуір
1924
0
Атырау облысында болған апаттан 5 күн бұрын рельстерге жөндеу жұмыстары жүргізілгені анықталды. Атырау облысында жолаушылар пойызының аударылуына теміржол желісінің жай-күйі себеп болуы мүмкін.
Жолдағы төсеніштер мен рельстерге апаттан бес күн бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Бұған дейін бірнеше нұсқаларды сарапқа салған комиссия өкілдері осындай болжамға тоқталып отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Алайда бұған қатысты әлі де тергеу жұмыстары жүргізіліп, бұл мәлімет расталса, нақты кінәлілер де жарияланбақ.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері "Алматы-Атырау" жолаушылар пойызының 13 вагоны рельстен шығып кетіп, оның 7-еуі аударылып қалған. 30-дан астам адам жарақат алды, қазір соның 6-уы әлі ауруханада жатыр.
Тасымалдаушы компания зардап шеккендерге өтемақы да төледі.
"Бас кезінде біз болған жағдайға локомотивтің, жолаушы пойызы құрамдық вагондарының бұзылуы және теміржол бойы төсемдерінің күйі себеп болған, деген бірнеше болжам жасағанбыз. Қазір апат жолдың үстіңгі төсемдерінің күйінен болған деген күмән бар. Мұны тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты бұл жағдайға кінәлі болған қай мекеме екені анықталады", - деді ҚР ККМ Көліктік бақылау комитетінің Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының жетекшісі Берік Істілеев.
nur.kz