ТОҒАЙ ПАНА БОЛАДЫ ТОРҒАЙҒА ДА…

            Басына баданадай бұршақ жауса,  Тоғайды торғай тұрмас паналамай... демекші ата анасы ойлана ойлана «әлемдегі қазақтың  жалғыз отаны Қазақстан» деп елге бет түзейді. Алайда еліміздің Үрімжідегі консолдық басқармасы елдің соңғы заңдарына сәйкес қытай азаматтарына тек бір айға ғана туристік виза беретін көрінеді. Бұл визамен мұнда тұрақтап тұрып қалуға да, ары қарай ұзартып тұруға да болмайтын болса керек. Сол себепті тұрақты тіркеуі болмаған бұл азаматтарды бюджетпен босандыратын перзентханалар да қабылдамапты. Сөйтіп ақылы перзенханалардың бірінде қазақтың қасыретті тағдырының куәсі болып шекесі  торсықтай сәби қазақ дүниеге келіпті. Жуықта «Жас Алаш»  газетінен «санда жоқ сапалы қазақтар» деген мақаланы оқыған едім. Бұл сәби сол қазақтың санын тағы біреуге арттырып отыр  «... Бұлт кетпей қойды ғой бастан бір күн...» деп |Сарықожа бабамыз айтпақшы қазақтың басынан бұлт  кететін күн қашан туады?

            Келген оралманның бірінде баспана, бірінде мал бағып егін егетін жер, бірінде тұрақты жұмыс жоқ. Алдарынан аттаған сайын кездесетіндері бюрократтық пен озбыр жемқорлық. Кімге барып мұң шағып, кімге барып зарын  айтарын білмейді. Кейбірі кері көшуге мәжбүр. Осылай көшкенде бәрін сатып кеткен міскіндердің кері көшкенде  шекелері шылқығаны да шамалы. Шашылып шашылып барғанда қолындағысына бұрынға жағдайына жетерлікте  мүмкіндік жоқ. «Қасысаң қаның, қасымасаң жаның  шықсын» деген қарғысқа ұшыраған хал. Басына баданадай   бұршақ жауғанда тоғай торғайға пана болса, елім, отаным деп келген оралманға отаны бар жағдайын қамтамасыз етер  күн қашан туады? Бір жүз жиырма ұлт пен ұлысты бауырына  басқан халқымыз өз қандастарын «Маңғолиядан келген сауатсыз, Қытайдан келген жансыз, өзбектен келген алып сатар  деп жікке бөліп қағынан неге жеріді? Ішіне сыйған шұбар  жыланы сыртына неге сыймады?

            Я, шерте берсе шер де, шемен де көп. «Жат   жарылқамайды, өз өлтірмейді» деп билік басындағы  мырзаларымызға оралмандар мәселесін шешуде керек болар деген төмендегідей ұсынысымызды қоймақпыз.

1. Визалық тәртіптерге өзгерістер енгізіп, қазақтарға  қолайлы жағдайлар жасаса;

2. Келген оралмандарға мамандығы бойынша жұмыс   берсе.

3. Малшылар мен диқандарға жер жоқ деген сылтау айтпай күнкөрісін қамтамасыз етуге мүкіндік жасаса;

4. Кәсіпкерлерге өсімсіз немесе төмен өсіммен несие  беріп, екі үш жылға салықтан жеңілдік жасаса;

5. Кәсіп ашуға қолайлылық жасап орынды орынсыз  тексерулерді қысқартса;

6. Шеттен әкелген кезде техникаларына, мүліктеріне  шекаралық төлемдермен кеден салықтарынан босатса;

7. Қабілет иелерінің қабілеттерін сәулелен діруіне   көмектессе;

8. Шет елдегі консолдық басқармаларға ұлты қазақ, сол  елдегі қандастардың жалпы жағдайынан хабардар азаматтарды жіберсе;

9. Ел ішіндегі ішкі істер органдарындағы тіркеу, виза   бөлімдерінде қандастарымызды шет елдіктерден бөле   қарайтын мүмкіндік тудырса;

10. Парламент ішінен немесе Ассамблеядан   оралмандардың мүддесін қорғайтын бөлімдер ашса;

 

 

Әбдібек ӘБДІМАНАПҰЛЫ