Қазақстандық байлардың көшін Болат Өтемұратов бастады

-utemuratov-2Қазақстандық миллиардерлер көшін Болат Өтемұратов бастады, деп хабарлайды Тengrinews.kz Forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттің Іс басқармасын басқарған Болат Өтемұратовтың байлығы қазір 2,2 млрд долларға жеткен.

Бұған дейін көш бастаған Владимир Кимнің байлығы 650 миллион долларға төмендеуіне байланысты ол кейінгі орынға ысырылды.

Екінші орынға ерлі-зайыпты Құлыбаевтар жайғасып, үшінші орынға 2013 жылы байлығы 500 млн долларға төмендеген Алиджан Ибрагимов тұрақтады.

"Қазақмыстың" қожасы саналатын Владимир Ким төртінші сатыға орналасты.

Айта кететіні, қазақстандық миллиардерлердің барлық қаржысының жалпы сомасында өзгеріс жоқ. Бұрынғыша 9,2 млрд доллардан аспаған.

Tengrinews.kz