ГИТЛЕРДІҢ САЯСАТКЕР БОЛУЫНА ЖЕБІРЕЙЛЕР КІНӘЛІ..

putin Негізі, талантты суретші болғалы тұрған албырт Адольфты Венада көркемсурет оқу орнына қабылдамай қойған жебірейлер кінәлі... Сол жерде сол оқуға түсіп кеткенде, Гитлер ешқашан саясатпен айналыспайтын еді...  Жебірейлердің соңына шам алып түспейтін еді...  Қаншама елді жаулаған қанішер қолбасшы болмайтын еді...  Менің мамандығым суретші болғандықтан, бұл тұңғиық бейнелеу өнері әлеміне бас қойғандардың басқа әлемге бас бұруына жол қалмайтынын жақсы білемін...  Алматыға суретші болып келіп, ақын болып қайтқан жалғыз мен шығармын... putin gitler   Шыңғысхан, Македонский, Наполеон, Гитлер, Сталиндер жайлы түрлі елде неше түрлі кітап, мақалалар жазылуда. Ресейдің өзінде де кітаптар шыққан, қазір Гитлерді де, соған ұқсауға тырысқаны үшін Путинді де ресейлік тобырлар пір тұтады. "Біреу қыз алып қашады, біреу босқа қашады" дегендей, енді неге бәрі Жарылқапқа жабылып жатқандарына күлкім келеді... Онда, екінші дүниежүзілік соғысты Австрия мен Чехославиякаға  неміс халқының құқын қорғау" деген желеумен кірген Гитлердің ұстанымын   бүгінде ұранға айналдырып, немістің онына орысты қойып, туыс елі Украинаның ту сыртынан пышақ ұрып, тәуелсіз елдің шекарасына - Қырымға әскер кіргізіп тартып алған,  ядролық қаруларын тапсырған елдерге қорғандыққа өздері  басты  кепіл болған  Будапешт шешіміне түкіріп қойған Ресей президенті  В.Путин туралы да жарияланымдарға тосқауыл қояйық. Онда ертең Ресей құрамындағы автономиялық елдер де өз төркіндерін тапсын! Ресейге, Путинге, орыстарға, біздегі орысқұлдарға  болатын жасыл алаң неге басқа елге болмау керек?! Гитлердің бүгінгі 125 жылдығына жазылған екен деп тағы да шуламаңдар, бұрын жазылған "Себеп пен салдар" атты өлеңімнің бір шумағынммен осы сөзімді аяқтайын... Жаулап алған жарты әлемді жасағы, Гитлердің атынан ел қашады... Мұның сырын уақыт әлі ашады... Қабылдамай жебірейлер өнерге, Суреткерден қасыреткер жасады... Қазыбек ИСА