Ақтаулық салықшы 4 млн теңге параны алып жатқан жерінен ұсталды
2014 ж. 15 сәуір
1785
0
Ақтауда аудит басқармасының бастығы жергілікті компания директорынан 4 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды.
Соның қорытындысын оңды етіп беру үшін директорынан 4 миллион теңге талап етіпті.КТК арнасының хабарлауынша, Серікқали Ахметәлиев жергілікті ірі компаниялардың бірін тексерген екен.
Салықшы үш бума ақшаны алып, көлігімен кете бергенде қаржы полицейлері қолына кісен салды.
Енді елуді еңсерген шенді алдағы 12 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.
КТК арнасы