Шымкент тұрғыны сәбиін мешітке тастап қашып кеткен
2014 ж. 15 сәуір
1805
0
Шымкентте келіншек туған баласын мешітке тастап, қашып кетті. Облыстық орталық мешіттің қызметкерлері жерде жатқан баланы түнге қарай байқаған.
Кім екені анықталғанша тастанды сәбиге сондағы әйелдер қарапты.
Түнгі намаздан кейін мешіттің ішін тексерген имамдар бұрышта бүрсеңдеп жатқан баланы көрген деп хабарлайды КТК арнасы.
Полиция шақырғаннан кейін анасы жақын жердегі жанармай құю бекетінің маңынан табылды. Алайда, анасы мешіт қызметкерлерін балағаттап, полицияның өзімен жаға жыртысыпты.
Қазір, жас шамасы 40-тан асқан әйел баласы екеуі полиция бөлімінде тексеруден өтуде.
"Жанармай құю бекетінде әлгі әйел адамды таптық. Сөйтсек, жаңағы әйел адам жүйкесі тозған аурумен ауырады екен. Сөйтіп жаңағы әжетханада отырғанын байқадық. Сөйтіп, жаңағы баланы алып кетуді сұрадық. Сөйтсек, аузына келгенін айтып, жүйкесі тозғаннан кейін, небір сөздер айтып бізге көнбей", - дейді мешіт имамының көмекшісі Саят Ысқақов.
nur.kz