Болат Бақауов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды

bakauov_b_zhОсы уақытқа дейін Ақсу қаласын басқарған Болат Бақауов Павлодардың жаңа әкімі болып тағайындалды. Бүгін өңір басшысы Қанат Бозымбаев қала әкімін активке таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Қанат Бозымбаев Бақауовтың шағын және орта бизнес кәсіпорындарында басшылық жұмыста тәжрибесі көп екендігін атап өтті. Болат Бақауов 2008 жылдан бастап 2011 жылға дейін Қашыр ауданының әкімі болды. 2011 жылғы қазаннан бастап Ақсу ауданының әкімі қызметін атқарды. "Осы уақыт ішінде ол өзін кәсіби маман, сауатты басшы ретінде танытып, ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді", - деп атап өтті облыс әкімі.

Қазақпарат