Ақтөбе облысында аға тергеуші өз-өзіне қол салды
2014 ж. 11 сәуір
6234
1
Ақтөбе облысында аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі өзіне қол салды, деп хабарлайды BNews.kz.
Темір аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін Еркін Жұбаниязовты үйінің кіре берісінде асылып тұрған жерінен туыстары тауып алған. Оның артында екі баласы мен жұбайы қалды.
35 жастағы тергеуші гуманитарлық заң институтын бітіріп, 2006 жылдан бері құқық қорғау аласында қызмет етіп келген. Жаңа қызметіне осыдан бір жыл бұрын ауысқан. Өзін Асхат деп таныстырған досы Еркін Жұбаниязовтың өлімін қызметімен байланыстырып отыр.
"Еркін соңғы кезде басшылық тарапынан қысым көріп жүргенін айтты. Ол тектен-тек өзіне қол салмайды. Мықты адам болатын. Өзім туралы сіздерге толық ақпарат бере алмаймын. Қысым көргенін әйелі де айтып береді", - дейді Асхат.
Бірақ досымын деп таныстырған бейтаныстың сөзіне дәлел болар ештеңе табылмай отыр. Себебі, марқұм соңынан ақырғы хатын тастап кетпеген.
bnews.kz