Қызылордалық баланың денесін қабыршық басқан
2014 ж. 11 сәуір
3425
2
Қызылордада денесінің 90 пайызын қатты қабыршық басқан балғын өмір сүруде. Қазір Жасұлан Қорғанбек 5 жасқа толған деп хабарлайды КТК.
Бірақ ауруын отандық бірде-бір дәрігер емдеуге қауқарсыз. Жасұлан медицина тілінде "ихтиоз" деп аталатын осы дертпен туған.
Қазір ауруының асқынғаны сонша қабыршық тіпті үлғайып, түлеген жерлері қызыл жараға айналуда. Соның салдарынан балғын төсекке де еркін жатып, киім де кие алмайтын халде.
Отандық мамандар бұл дерттің тұқым қуалайтынын және ешқашан емделмеу де мүмкін екенін айтып отыр.
Десе де Әзірбайжан мен Израильде ауруын басуға көмектесетін ем тәсілдері бар көрінеді. Тек оның әрбір қабылдауы 8 миллион теңге. Ал ондай ақша жас отбасыда жоқ.
Сондықтан Жасұланның жақындары көптен көмек сұрауға мәжбүр.
http://www.ktk.kz/kz/news/video/2014/04/10/19507
"КТК арнасы"