SCAT әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына оқыс қонды

photo_3501SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Астана әуежайына оқыс жағдайда қонды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. "Сағат 10.57-де SCAT әуе компаниясының Шымкент - Астана рейсін орындаған ұшағы апатты жағдайда қонды", - дейді баспасөз қызметкерлері. Еске салайық, аталған әуе компаниясы ұшақтарына қатысты төтенше оқиға бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. 1 сәуірде Астана әуежайында SCAT-тың Бангкок - Астана рейсін орындаған ұшағының шасси дөңгелектері босап кеткен болатын. Ол кезде бортта 180 адам болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ұшақтың қону жолағына тірелген жерінен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды.

Tengrinews.kz