Сүтіне адам шомылған Омбы ірімшіктері сатылымнан қайтарылуда

8
1412
03 Сәуір 2014, 12:06
 АСТАНА. ҚазАқпарат – Роспотребнадзор Омбыдағы «Сыры» зауыты өнімдерінің нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Бұндай шешім зауыт қызметкерлері сүт толтырылған ваннада шомылған фотосуреттерін әлеуметтік желілерге салғаннан кейін қабылданды.

Аталған кәсіпорынның өнімдері Ресейдің бірнеше өңірлерінде сатылымнан қайтарылып жатыр.
Наурыздың аяғында ғаламторда зауыттың бірнеше қызметкерінің өз әріптестерінің туған күнін тойлау кезінде сүтке шомылып жатқан фотосуреттері пайда болған еді.

Осыдан кейін Роспотребнадзор кәсіпорында санитарлық заңнаманы өрескел бұзушылық жайттары туралы мәлімдеді. Ведомство сонымен қатар өңірлік Тергеу комитетінде зауыт қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені көтерді, деп жазады ВВС.

Осы елдің Бас прокуратурасы да зауыттың лауазымды тұлғаларының іс-қимылын тексеруге ниетті екенін мәлімдеді.

Ал кәсіпорын иесі Аркадий Плетюктің мәлімдеуінше, бейне тастапаға түскен қызметкерлер сүтке емес, өнімге арналған ваннаны жуғаннан кейін қалған технологиялық сұйықтыққа шомылған.

Автор: Руслан Ғаббасов

 

8 ПІКІРЛЕР

  1. Ресейлік тауарға қызығушы және мақтаушылар не айтады екен? Ағарғанды өзімізден алыңдар. Біздегілер құдайға қараған мұндайға барудан қорқады.

  2. Сорым-ай! Бізде де не оңып тұр дейсің? Қалалықтар амалсыз көнесіңдер, енді! Ауылдықтар әйтеуір мал сауады ғой!

  3. Ресейден келетін сүт өнімдерін алмау керек,өзіміздің сүт зауыттарыныкін алу керек.Өзімізде жоқ азық түлікті ғана Ресейден алу керек.Германияда тек немістер шығаратын азық түліктерді алады.

  4. Қазақ саған со керек!Міне Кедендік Одақтың «жемісі» Әлі де бұдан да сорақысын көресін, түкті ауыз орыстың арам тағамын ішесің !

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз