ҚР Президенті Әкімшілігін Н. Нығматулин басқарады
2014 ж. 03 сәуір
1844
0
Мемлекет басшысының жарлығымен бұған дейін Парламент Мәжілісі төрағасы болып, абыройлы қызмет атқарған Нұрлан Нығматуллин Президент Әкімшілігі Басшысы қызметіне тағайындалды.
Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігі Басшысы лауазымына Нұрлан Нығматулинді тағайындағаны туралы мәлімдеп, оның өңірлік деңгейде де, орталық деңгейде де мол жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. «Өздеріңіз білетіндей, Президенттің Әкімшілігіне жоғары жауапкершілік жүктелген, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі сіздердің жұмыстарыңызға байланысты. Сондай-ақ Әкімшілік өңірлік және орталық атқарушы органдардың жұмысын үйлестіре отырып, қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын қадағалайтын негізгі бақылаушы орган болып саналады. Осыған байланысты негізгі міндет – ел азаматтарының мүддесіне сай келетін барлық қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету және жүзеге асыру», – деді Қазақстан Президенті. Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлы 1962 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Институт бітіргеннен кейінгі алғашқы еңбек жолын "Карагандаоблгаз" өндірістік бірлестікте инженер, автоколонна бастығы болып қызмет етуден бастаған. 1985-1990 жылдары Қазақстанның ЛКЖО-ң Ленин аудан комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстанның ЛКЖО-ң ОК комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстанның ЛКЖО-ң Қарағанды ОК-ң хатшысы, бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. 1990-1993 жылдары - Қазақстанның жастар ұйымдарының комитетінің төрағасы; 1993-1995 жылдары - қазақ-американ "Тенкри" бірлескен қәсіпорынның президенті. 1995 жылдан 1999 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Президенті �?кімшілігінің мемлекттік инспектор, ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2002 жылдан 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар вице-министрі. 2004 жылдың маусымынан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары. 2006-2009 жылдары - Қарағанды облысының әкімі. 2009-2012 «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары 2012 жылдан қазірге дейін ҚР Парламент мәжілісінің спикері қызметін атқарған. "Құрмет" ордені және екі медальмен марапатталған. Үйленген. Үш ұлы бар.Мемлекеттік жауапты қызметтерде өз іскерлігі мен біліктілігін көрсетіп, ел абыройына бөленген Нұрлан Зайтуллаұлының еліміздігі ең жауапты лауазымды қызметтердің бірінде де де, тұлғалық қайраткерлігі көрінетіне ел үміті зор. Мәжілістегі Үкімет сағаттарында сауатсыз да, жауапсыз министрлердің жазасын берген Н.Нығматуллин мырза Президент әкімшілігі басшылығында да өз қайратын көрсетеді деп деп сенеміз.
www.qazaquni.kz