"Қазақстан ғарыш сапарының" бұрынғы басшысы 12 жылға сотталды
2014 ж. 03 сәуір
1280
0
Сот пара алды деп айыпталған "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Ғабыллатып Мырзақұловқа 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары агенттігінің тілшісі сот залынан хабарлады.
"Мырзақұловқа мүлкін тәркілеумен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп, жазасы қамауға алынған уақыттан, яғни 2013 жылғы 1 тамыздан бастап есептелсін", - деді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Асхат Әшірбеков.
Еске сала кетсек, Мырзақұлов 12 млрд-тан астам сомаға бағаланған жобаның құрылысын заңсыз тендер арқылы кәсіпкерлерге беріп жібергені үшін айыпталды.
nur.kz