Бүгіннен бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің көлемі арттырылады

babushka_12Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 сәуірден бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің көлемін арттыратын түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада .