Жүректерге жылу ұялатқан «Мейірім» фестивалі

0
887

01newslogan_kaz_rus-d0bad0bed0bfd0b8d18f-2

Жақында Алматы қаласында республикалық және халықаралық конкурстар лауреаты Мақсат Жәутіков Қазақстан эстрадасының жұлдыздары балалар үйіндегі және түзету мекемелеріндегі балалармен бірге «Мейірім жұлдыздарды жағады» фестивалінің әнұранын бірлесіп жазып шықты.

          «Жыл сайын біз конкурс пен «Мейірім» фестивалін өткіземіз! Биыл Қазақстанның Азаматтық Альянсы компаниясымен біргеміз. Біздің бірлігіміз жарасқан! Біз үшін жастармен әсіресе дарынды орындаушылармен бірге болудың өзі өте маңызды. Осындай кездесулер арқылы рухани байлық аламыз!» дейді  М.Оспанов атындағы қоғамдық қор мүшесі Э.Жашимова.

         Сондай-ақ акция барысында атақты композитор, балалар өлеңдерінің авторы «Тамшылар» балалар музыкалық ұжымының басшысы М.Жәутіков арнайы мектеп-интернаттар балалары үшін шебер-сыныптар сериясын өткізді. Жас дарындар сахна шеберлігін, вокал мен ритмиканы үйренуге мүмкіндік алды. Шараға қатысушылар алғаш рет нағыз өлең жазатын  студияда болды. Сондай-ақ,  онда олар елімізге танымал эстрада жұлдыздарымен жүздесті.

         «Қазақстанның атақты әншілері мен музыканттарының қатысуымен осындай фестивальдерді жиі ұйымдастыру дарынды балалардың талантын ұштауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Осы жерде біз әрқашанда барлығымыз біргеміз – біздің бірлігіміз жарасқандығын тағы да айтқым келеді» дейді  Қор директоры Бахыт Оспанова.

          Алдағы уақытта мұндай игі шаралар жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болары   анық.

Күміс БАЙБОЛОВА

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз