ҰЛЫБРИТАНИЯДА МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛ МИНИСТР БОЛАДЫ
2010 ж. 02 маусым
1138
1
Жақында Баронесса Саида Варси есімді тегі пәкістандық мұсылман әйел Консерваторлар партиясының әкімшілік төрайымы және министр болып тағайындалды. Оны бұл лауазымға британиялықтардың жаңа премьер-министрі, консерваторлардың көшбасшысы Дэвид Камерон тағайындады.
BBC баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баронесса Варси Британия министрлер кабинетінің құрамына еніп отырған алғашқы мұсылман әйел екен. Бұған дейін де партияның лауазымды қызметтерін атқарған Б. Варси 2005 және 2007 жылдар аралығында Консерваторлар партиясының вице-президенті болған.
«Түсі игіден түңілме» демекші, хиджаб кимесе де діні мұсылман әйелдің бұл жеңісі Еуропаның исламға деген көзқарасының өзгеруіне себепші болары сөзсіз.