Юлия Тимошенко Қырымды Украинаға қайтаруға уәде берді
2014 ж. 22 наурыз
2151
10
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Қырымды Украинаға қайтаруға уәде берді, деп хабарлайды РБК сайты бірінші Украина ұлттық телеарнасының "Шустер live" ток-шоуына қатысқан Тимошенконың сөзіне сілтеме жасап.
Экс-премьер Украинаның жақын уақытта Қырымды өзіне қайтаратынына сенімді. "Менде абсолютті сенімділік бар, біз Қырымды өзімізге қайтарамыз. Бұл мәселе аз уақытта шешіледі",- деді ол. Тимошенконың айтуынша, Киев ресейлік әскерилердің Украинаның континентальдық аймағына кіруне рұқсат бермейді. "Әлем де мұны бақылап отыр. Егер олар бір қадам аттаса, ол кезде әлем қаржылық санкция арқылы жауап қайтарып қана қоймай, онда шын мәнінде Украина өзінің мүмкіндігін күшейтіп, өз шекарасын қорғайтын болады",- деді экс-премьер.
Тимошенконың пікірінше, Ресей президенті Владимир Путин бір айдан кейін демократиялық татулық үшін келіссөздер үстеліне отыруды сұрайтын болады. Осы кезде Қырымды орнына қоюға тура келеді. "Алдымен Қырымды орнына қой, содан кейін барып біз кез келген ынтымақтастықтың мүмкіндігі туралы сөйлесе аламыз. Қырым енді сендердікі, қазір келіңдер достасайық деу - менің ойымша, бұл өте әлсіз, лайықсыз ұстаным болып табылады. Сондықтан алдымен Қырымды қайтарамыз, ал Путинмен сөйлесетін тұстарымыз бар",- деді ол.
Сонымен бірге Экс-үкімет басшысы жақын уақытта Украина ресейлік газдан бас тарту мүмкіндігін шамалады. "Біріншіден, бұл кепілдік. Өздеріңіз білесіздер, Европа ресейлік газдан бас тарту мақсатын қойды, енді олардан құтылу арқылы біз Европадан өзімізге қажетті ресурс алатын боламыз",- деп түсіндірді Тимошенко.
Бірақ Ресеймен қаншама шиеленісті қатынастарға қарамастан, Юлия Тимошенко екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың нығаятынына сенімді. "Екі Ресей бар. Ана оңалған Ресеймен достық емес, тіпті туыстық қарым-қатынас орнайтын болады". Еске сала кетейік, Юлия Тимошенко Виктор Янукович биліктен құлағаннан кейін мерзімінен бұрын босатылған болатын.
tengrinews.kz