Жоғалған ұшақтың қалдықтарына ұқсас заттар табылды

malaysia-airlines1Жоғалған ұшақтың қалдықтарына ұқсас заттар Австарлия жағалауынан табылған, деп хабарлайды, Tengrinews.kz AFP сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Австралия премьер-министрі Тони Абботт мәлімдеген. Фрагменттер Перт қаласының батысына қарай Үнді мұхитының аумағында табылған. Осы аймаққа жедел түрде іздеу операцияларымен айналысатын 4 ұшақ жіберілген. "Жоғалған ұшақтың қалдықтарына ұқсас нысандарды анықтау өте қиынға түседі, мүмкін бұл нысандардың ұшаққа қатысы да болмауы мүмкін", деді премьер-министр. Сондай-ақ ол өзінің Малазия премьер-министріне хабарласып, Үнді мұхитының оңтүстігінде жоғалған ұшақтың іздестірілуі туралы "жаңа әрі сенімге тұрарлық ақпарат" бергенін хабарлады. Қазіргі таңда Малазиялық Boeing-ті іздеуге Ресей де атсалысып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қытай ұшақ қалдықтарының фотоларын жраиялаған болатын. Алайда кейіннен белгілі болғандай, бұл қалдықтардың малазиялық Boeing-ке қатысы болмай шықты.

tengrinews.kz