«Денсауминнің» денсаулығы қашан түзеледі?

Еліміздің статистикасында туберкулез бен қант диабеті тіркелгеніне қарамастан, мұнымен ауыратындар және қайтыс болатындардың саны жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруы мен патологиясынан зардап шегетіндерге қарағанда 16 есе аз екенін байқалған. Дәл осы жүрек қан тамырлары ауруы бойынша дүниежүзіндегі 200-ден астам елдердің арасында алғашқы үштікке кіреді екенбіз. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, 100 мың халықтың 800-і немесе 120 мың қазақстандық (көбіне ер азаматтар) жыл сайын аталмыш аурудың кесірінен көз жұматын көрінеді.

            Бұл қиын жағдаймен күресу үшін арнайы мемлекеттік бағдарламада жасалғанын білеміз. Алайда, жүрек хирургиясына қатысты қиындықтар дәл бүгін туындаған мәселе емес. Сонау Кеңестік тұстың өзінде-ақ академик Сызғанов, профессор Сергиевский және басқа да отандық ғалымдарымыз бұл аурумен күресудің, алдын алудың неше түрлі жобаларын жасап келген-ді.

             Біздің уақытымызда ірі зерттеулер өз бастауын 2004 жылдан алады. Дәл осы кезден бастап республикада нағыз классикалық кардиохирургия пайда болды.           Республикалық клиникалық аурухананың қабырғасында орталы-түбірлі жүрек операциялары жасала бастады. Және де кезінде АҚШ-тың экс призеденті Билл Клинтон мен Борис Ельсиндерге жасалғандай күрделі деңгейдегі операциялар екпінін атап өткен жөн.

            Қазақстанның тағы бір қауіпті ерекшелігі жұқпалы аурулардың өте ірі көлемдегі табиғи ошақтарының болуы. Мысалыға, туляремия, тырысқақ, геморрогиялық безгек секілді аурулар тез таралатын тажал аурулар. Елді дүр сілкіндірген Түркістандағы конго-қырым безгегі осыған дәлел. Қазақстандық медиктер мұнымен күресті әлдеқашан бастаған. Бірақ жақсы нәтежиелердің ауылы әлі алыста. Оның үстіне батыстың беделді деген ғалымдарының өзі күшті тойтарыс беретін сапалы емдеу мен дәрі жасауды жөнді жолға қоя алмай отыр. Алайда бұл қиындықтардың ұлттық қаіпсіздікке тікелей әсер ететіне күн сайын көз жекізіп жүрміз. Адамдармен жануарлар арасындағы эпидемияның өршуі салдарынаң елдің экономикалық, саяси тұйықталуы әбден мүмкін. Солай болып та жатыр. Мексикадан, Испаниядан тарап жатқан «доңыз тұмауы» осы елдердің экономикасына өте ірі көлемде шығын әкеліп, бүгінде бұл аурудан қайтыс болғандардың саны 800-ден асып кетті. Сонау бір жылдары Ұлыбританиядан тіркелген «сиыр құтырмасы» әлемдегі алпауыт 8 елдің қатарындағы ағылшын экономикасының шайқалтып кете жаздағанына бәріміз куә болдық.

 

ҚАТҚЫЛ СТАТИСТИКА

         Бүгінде денсаулық сақтау министірлігінің арнайы мемлекеттік бағдарламасы аясында біздегі стандарттарды БДҰ-ның бағамдауындағы стандарттарға көшіру мәселесі жан жақты қолға алына бастаған. Себебі әлем біздің берген есебімізге мүлдем сенбейді. Біз өзіміздің «жағымды стаистикамызды» қанша тықпаласақ та БДҰ-ның статистикасынан әрдайым алшақ кетіп қалады екенбіз. (БДҰ-ның статистикасын таблица дан қараңыз).

         Рейтинг бойынша ең болмағанда бір-екі саты жоғарылау үшін бізге көп тер төгу керек екенi белгілі. Алдымен 2010 жылға дейін мемлекеттің денсаулық сақтауға арналатын   шығынын ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 4% на дейін жеткізуіміз керек (БДҰ-ең болмағанда 5%) болуын талап етеді. Денсаулық сақтау саласына қаржыны жыл сайын еселеп көбейтіп жатырмыз десек те, сол қаражаттың 51-52%-ы медиктердің айлық жалақысына, 32-36% емдеу орындарының құрылысына, азық-түлігіне, киім-кешегіне, тек 10 пайызы ғана дәрі-дәрмек  сатып алуға жұмсалады екен. 123 дәрі-дәрмекке кететін ақшаны 80-90 пайызын халық әлі қалтасынан шығарып отыр деген сөз.

           Дәрігерлердің білім деңгейіне келер болсақ, еліміздегі санаттан өткен мамандар 37,6% құраса, ол ауылды жерде бар болғаны 24% құрайды. Ал дәрігерлердің 50%-ы жедел дамитын медицаналық білім әлемінен ешқандай қосымша білім алмапты. Бұл жерде оларға кінә арта беруге болмас. Себебі медициналық әдебиеттердің тым қымбат болуы мен дәрігер жалақысының жанбағыстың    деңгейінен көтерілмеуі көз алдымызға жағымды бейне қалыптастырмасы өз-өзінен белгілі.

            Түйін: Денсаулық сақтау мәселелеріне байланысты АҚШ-та өткен бір конференцияда американ профессоры Р.Филей: «АҚШ-та ешқандай денсаулық сақтау жүйесі жасалмаған, халықтың медициналық қызмет көрсету ісіне мүлдем көңілі толмайды» деген баяндама жасапты.

           Бұл жыл сайын денсаулық сақтауға 1 триллион доллардан аса қаражат жұмсайтын АҚШ-тағы  жағдай. Оның үстіне бүкіл мемлекет  шығындарының 50% астамын құрайды екен. Осы тұрғыдан келгенде әлемдік стандартқа енді ғана иек арта бастаған Қазақстан медицинасының бүгінгі жағдайы ешқандай «коментарийді» қажет етпейді.

 

 

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Шымкент қаласы