"ЕЛ АРНАНЫ" ЕМЕС, ЗАҢ ТАЛАБЫН ОРЫНДАМАҒАН АРНАЛАРДЫ ЖАБУ КЕРЕК!

БІЗДІҢ ӨЗІ ШЫҒАРҒАН ЗАҢЫН ӨЗІ ОРЫНДАТА АЛМАЙТЫН БЕЙШАРА БИЛІКТІҢ ӘЛІ ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛДІ "ЕЛ АРНАЛАРҒА" ҒАНА ЖЕТЕДІ ҒОЙ!  50 де 50-ДЕГЕН ТАЛАП МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАРТЫСЫ ОРЫСША, ЖАРТЫСЫ ҚАЗАҚША БОЛСЫН ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС, КЕМІНДЕ 50 ПАЙЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БОЛСЫН ДЕГЕН СӨЗ. ЯҒНИ, "ҚАЗАҚСТАН" ҰЛТТЫҚ АРНАСЫ СЕКІЛДІ 100 ПАЙЫЗ ҚАЗАҚША БОЛСА ДА, ЗАҢҒА САЙ БОЛАДЫ.  Өзін-өзі сыйламайтын бейшара елдің ЕВРАЗИЯ - ОРТ секілді БАҚ-ы опырып қаржы алып отырса да, орманға қарар ұлиды... ТЕҢДІК СҰРАП АЙҚАЙ САЛАТЫН БИЛІКТЕН БІР АЗАМАТ ТАБА АЛМАЙ  АРМАНДА КЕЛЕМІЗ 23 ЖЫЛ БОЙЫ... "ЕЛ АРНАНЫ" ЕМЕС,  ЗАҢ ТАЛАБЫН ОРЫНДАМАҒАН АРНАЛАРДЫ БІРДЕН ЖАБУ КЕРЕК! Төмендегі Сәкен Сыбанбайдың фейсбуктегі жазбасындағы цифрларға қарасаңыз,  бұған толық көз жеткізесіз... ELARNA «Дәл қазір заң талабын «Қазақстан» ұлттық арнасынан (100 пайыз) бөлек тек «Еларна» (71,4 %) және «Хабар» (54,2%) ғана орындап отыр. Басқа арналардың ешқайсысы бұл көрсеткіштерге жете алмай келеді. Мәселен, «Астана» арнасындағы қазақтілді бағдарламалардың үлес салмағы 48,8 % болса, «СТВ»-да – 43,7%, «КТК»-да – 29%, «7 ТВ»-да – 20,6%, «31 арнада» – 20,2%, «Таңда» – 19,5%, «НТК»-да – 17%, ал «Еуразия» арнасында небәрі 9,3%-ды құрайды! Бұл не деген масқара?! Бұлардан заң талабын сұрамақ түгілі лицензияны бірден кері қайтарып алса да артық болмас еді. Тіпті басқаларына нақты мысал болуы үшін біреуін расында да «құрбандыққа» шалған жөн бе әлде?» («Алматы ақшамы», 14 қараша, 2013 жыл). Сол «құрбандық» – ешқандай жазығы жоқ «Ел арна» болғаны ма? Сәкен СЫБАНБАЙ, Фейсбуктегі парақшадан