Шетел банктерінде Тимошенко мен оның туыстарының атына 85 есепшот ашылған
2014 ж. 18 наурыз
1697
0
"Бұл жалған айыптау. Ақпарат жоққа шығарылған..."
Шетел банктерінде Украинаның экс-премьері Тимошенко мен оның туыстарының атына 85 есепшот ашылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА новости сайтына сілтеме жасай отырып. "Британдық ірі банктер Тимошенко мен оның туыстарының атына есепшоттар ашты деген айыптауға қатысты үлкен даудың ортасында қалып отыр. Independent газетінің тілшілері танысқан құжаттарда шетелдік банктердегі 85 есепшотта жатқан миллиондаған фунт стерлингтер Тимошенко мен оның туыстарына қатысы бар" делінген мақалада. Украинаның салық министрлігінің тапсырысымен лондондық Lawrence Graham заң фирмасы бүгінде тергеу жүргізуде. Тергеу Януковичтің тұсында Тимошенко активтерді қолды етті деген болжаммен басталған болатын. 26 елдегі 278 есепшотты тексерген тергеушілер Тимошенко мен оның туыстары не бенефициар, не британдық банктердегі есепшоттардың иелері деген шешімге келген болатын. Қазіргі таңда әлем бойынша әлі 13 есепшот қалған. Тимошенко мен оның жақтаушылары ол 1997 жылы саясатқа келгеннен кейін ешқандай коммерциялық істермен айналыспағанын айтады. "Бұл жалған айыптау. Оның ешқандай активтері, АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария банктерінде есепшоттары жоқ. Біз өзімізге қарсы тергеу жүргізіп жатқандармен әрқашан ашық сөйлесеміз, жасыратын түгі жоқ. Ақпарат жоққа шығарылған", - дейді Тимошенконың қорғаушысы Сергей Власенко. Украина билігі Януковичтің тұсында Lawrence Graham заң фирмасын жалдап 1990 жылдары Тимошенко мен Павел Лазаренко тұсында Киевте жоғалып кеткен 200 миллион долларды іздестірген болатын. Естеріңізге сала кетейік Юлия Тимошенко 2009 жылы Ресеймен Украинаға тиімсіз газ туралы келісім жасасты деген айыппен 2011 жылы сотталған болатын. 22 ақпанда ол Украина Жоғарғы Радасының шешімімен босатылды. Бұған дейін депутаттар Тимошенко айыпталған декриминализация туралы заңға дауыс берген болатын.tengrinews.kz