Жоғалған малайзиялық Boeing ізі Австралия жағалауынан табылды

2
2759

Жоғалып кеткен малайзиялық Boeing ізі Австралия жағалауынан табылды, деп хабарлайды Associated Press.

Спутниктың бір апта бұрын Оңтүстік Қытай теңізінде жоғалып кеткен малайзиялық Boeing 777-200 (Рейс 370) жолаушылар ұшағы бортынан берілген соңғы тіркелген дабыл Үнді мұхитының астралиялық жағалауынан алынған. Бұл соңғы бірнеше күн бойы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан ауданнан едәуір қашық.

Малайзия мен Австралия жағалауына дейінгі қашықтық 4 828 шақырымды құрайды, бұл жоғалып кеткен Boeing сол кезде бар отынымен ұшып жетуі ықтимал ең үлкен қашықтық. Малайзиялық билік ұшақты ұшқыштардың бірі немесе әуе кемесін басқаруда тәжірибесі бар біреу айдап кетуі мүмкін деген қорытындыға келді.

Тергеушілер жоғалып кеткен Boeing 777-200 ұшағында жерүсті радарларымен хабарласу құрылғыларын айырып тастағаннан кейін ұшқыш кабинетінде белгісіз біреу ұшақтың бағытын өзгертуге бағдарлама жасаған. Сондай-ақ бұл әрекеттердің бәрін тәжірибелі ұшқыш жасағаны туралы айғақтар табылды.

Еске сала кетейік, Malaysian Airline System компаниясының 370-ші рейсі бортындағы 239 жолаушысымен Куала-Лумпурдан Малайзияға, Бейжіңге, құрлықтық Қытайға аттаннан әуе кемесі бір апта бұрын жоғалып кетті. Жоғалған борттың орнын бағыт өзгергеннен кейін 4-5 сағат өткен берілген дабыл арқылы спутник тапты.

nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Жоғалған малайзиялық Boeing ізі Австралия жағалауынан табылды. Монғолиялық көріпкелдің «бір күннен кейін табылады» -дегені тура келді…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз