АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА

d0b0d181d182d0b0d0bdd0b01

Таяу арада әлемге әйгілі асқақ қаламыз - Астананың 12 жылдық мерейтойын атап өтетініміз белгілі. Еліміздің айтулы мерекесінде Елорда жұртшылығы мен қонақтары қандай шаралардың куәсі бола алады? Жылда жоғары деңгейде ерекше атап өтілетін Астана күні биыл да ғажап тартулар дайындап отырғаны н төмендегі таныстырылымнан біле аласыздар.

         27 маусым мен 1 шілде аралығында «Бейбітшілік және келісім» сарайында І-халықаралық экшн-фильмдер кино- фестифалі  өтеді. Фестифальге әлемге әйгілі кинотарлан Т.Бекмағамбетов және басқа да қонақтар қатысады.

         Ал, 1 шілде күні Конгресс-Холлда сағат 19.00-де әнші Айман Мусаходжаева концерт өткізетін болса, 3-шілде күні дәл осы Конгресс-Холлда Төлеген Мұхамеджановтың   шығармашылық кеші өтеді.

          Сондай-ақ, 3-4 шілде күндері «Бейбітшілік  және келісім» сарайында Сергей Безруков «Хулиган» спектаклін жұртшылық назарына ұсынады.

          4-шілде күні «Қазақстан» орталық концерт залында Д.Мацуевтың, 5-шілде күні Д.Хворостовскойдың және И.Крутойдың концерттері өтеді.

          5 шілде күні болса «Хан шатырда» италяндық опера әншісі Андреа Бочеллидың концерті болады.

          6 шілде күні «Nicoli & Kimberly Davis» тобы «Бейбітшілік және келісім сарайында» джаз әуендерін орындайды. «Қазақстан» концерт залында дәл осы күні А.Серов пен И.Крутойлар ән шырқайды.

          Ал, дәл Астана күні орталық стадионда Қазақстанның және өзге де шет мемлекеттердің эстрада жұлдыздары әуелетіп ән салады.

             Енді өзге де шараларға тоқталатын болсақ, 30 маусым және 1 шілде күндерінің аралығында І-ші   Халықаралық металлургтер конгресі өтетін болса, шілде айының бірінші күні 7-ші қысқы Азия ойындары туралы мол мағлұмат беретін шара «Сарыарқада» өтеді.

          2 шілде күні К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында поэтикалық-музыкалық «Сыған серенадасы» драмасы көпшілік назарына ұсынылады.

          4 шілдеде «Атамекен» эно-мемориалдық кешенінде Мемлекеттік туды алып жүру салтанатты рәсімі өтеді. Сонымен қатар, дәл осы орында курсанттарға Астана күніне орай офицерлік пагон тағылады.

          5 шілде күні «Хан шатыр» орталығы ашылып, арман қала Астананың ажарын одан әрі кіргізе түспек. Ал, 4-6 шілде күндері Есіл өзенінің жағалауында «Река звука» атты мәдени кеш өтеді. Онда сахналық қойылымдар қойылып, балет өнерпаздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ 3-4 маусым күндері К.Бәйсейітов атындағы ұлттық опера және балет театрында «Астана - Арқау» атты түркі музыкасының кеші өтеді.

            4-6 шілде күндері болса «Астана және Президент» атты фотокөрмемен қатар студентер саябағында, «Жерұйық» саябағында және «Жастар» сарайында мерекелік кештер   өткізіледі.

            Қала алаңында 4-6 шілде күндері қазақтың және қытай, корей, орыс, т.б ұлттар мен ұлыстардың ұлттық тағамдары әзірленіп, жұртшылық назарына ұсынылады. Сонымен қатар, 4-6 күндері «Сарыарқа», «Керуен», «ЦУМ», «Мега центр Астана», «Asia Park» сияқты сауда орталықтарында Астана күніне орай акция өтіп, тұтынушыларға көптеген жеңілдіктер көрсетілетін болады.

           4 шілде күні «Бәйтерек», «Отан қорғаушылар» монументінде Сарыарқа, Есіл, Алматы аудандарының мерекелік концерті өтетін болады. Ал, 4-6 шілде күндерінің аралығында «Қайырлы кеш, Астана!» атты салтанатты кеш өтетін болады. Астананың әдемі кешінің шырайын кіргізетін мұндай шара да тұрғындар көңілінен    шығатыны анық.

           4 шілде күні «Астана кубогы» үшін велошерумен қатар, «Отан қорғаушылар» монументінің «Атамекен» мемориалының алдында және «Думан» сауда орталығында салтанатты түрде неке қию рәсімі өткізіледі.

           Сондай-ақ, 4-6 шілде күндері «Эхо Азии» атты халықаралық цирк фестивальі өткізліп, көрермендерді қайран қалдыратын болады. Ал, 5 шілде күні «Алтын сақа» атты ұлттық асық ату ойынынан ІІ-қалалық турнирі өтеді. Сонымен қатар, «Ел мәртебесін көтерген Елбасы» атты кітап көрмесі, «Астана келбеті – ұлт келбеті» атты ақындар мүшәйрасы, «Астана – менің сүйікті қалам» атты жас суретшілер байқауы өткізіліп, өнерлілер сайысқа түседі.

             6 шілде күні «Остров детства в столице» атты балаларға арналған мерекелік кеш өтеді. Ал, 4-6 шілде күндері өтетін «Тірі мүсіндер» атты шара еліміздің өткенінен сыр шертеді.

          Жоғарыда атап көрсеткен шараларды «Хабар», «Еларна», «Қазақстан», «Астана», «7 арна», «31», «КТК», «Евразия», «СТВ» сияқты еліміздің белгілі телеарналарынан тамашалай аласыздар.

             Сондай-ақ, «Қазақ радиосы», «Сәлем», «Деловая волна», «Русское радио Азия», «Ретро ФМ», «Хит ФМ», «Европа плюс, Казахстан», «NS», «Радио 31», «Авторадио» сынды радиолардан арнайы Астана күніне арналған хабарлар тыңдауларыңызға болады.

           Ал, мерзімді басылымдардан елімізде жарық көретін «Айқын», «Астана ақшамы», «Жас қазақ үні»«Дала мен қала», «Алаш айнасы», «Нұр Астана», «Ана тілі», «Аргументы и факты Казахстан», «Бизнес и власть», «Время», «Деловая неделя» сияқты т.б басылымдар Елордамыз турасында кеңірек мағлұматтар берумен қатар, мерекелік шаралар турасында материалдар жариялайтын болады.

         Сондай-ақ, еліміздегі ақпарат агенттіктері Астана күнін басты назарда ұстайтын болады. Жоғарыда аталып өтілген әншілер концерті, т.б іс-шаралар туралы қала көшелеріне жарнамалар жасалып, афишалар ілінетін болады.

          Д.Хворостовский, И.Крутой, Д.Мацуев, С.Безруков, А.Серов, Т.Бекмағамбетов сынды өнер жұлдыздарының  қатысуымен баспасөз  мәслихаты өткізіліп, олар БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беретін болады.

 

Гүлмира САДЫҚОВА