Боинг-777 ұшағы 1 тәуліктен кейін табылады

malaysia-airlines1Моңғол астрологы Нямдорж 8 наурызда 239 жолаушысымен із-түссіз жоғалып кеткен малайзиялық Боинг-777 ұшағы 1 тәуліктен кейін табылады деп болжап отыр, деп жазады news.mongolnow.com. "Анығын айта алмаймын, бірақ ұшақ теңіз түбінде жатқанын білемін. Ұшақтың сынықтары сол теңіздің жағасынан табылады", - деп қосты көріпкел. Тілшінің "Ұшақтағы 239 жолаушының бәрі табыла ма?" деген сұрағына ол: "Ондағы бір де бір адам тірі қалған жоқ" деп жауап берді. Malaysia Airlines әуекомпаниясынан хабарлағандай, Куала-Лумпурдан Бейжіңге шыққан ұшақтың ішінде Қытайдың 153 азаматы, олардың ішінде біреуі бала, Малайзияның 38 азаматы, 12 индонезиялық, 6 австралиялық, 3 француз, 4 американдық, оның ішінде біреуі - бала, Украина, Жаңа Зеландия және Канадан екі-екі адамнан, Ресей, Италия, Тайвань, Нидерланды және Австриядан бір-бір адамнан болған. Ал 12 экипаж мүшесі жайында "Malaysia Airlines" компаниясы әзірге ешқандай ақпарат таратпай отыр.

Қазақпарат