Елордада Наурыз мерекесі шашу мен тойбастардан басталды

nauryz 3 Биыл Астана қаласы Ұлыстың Ұлы күніне ерекше дайындықпен келді. Наурыз айы бастала салысымен көшелер ұлттық өрнекке толып кетті. жол бойындағы жайқалған қып-қызыл жауқазындар мен қазақтың ұлттық киіміндегі биші қыздардың мүсіндері жас қаланы жайнатып, өзгеше көрік қосты. Ал Наурыз мерекесі шашу шашылып, мен тойбастар айтылып, бесік  жыры әлдиінен басталған кеш бұрынғыдан өзгеше  болып,  Астананың сән-салтанатын арттырды. Басты өзгешелігі сол, ауылдың алты ауызы, аталық бата мен ананың әлдиін көрермендер орындады. Салты мен салтанаты жарасқан бұл шара Ұлыстың ұлы күнін ұлықтай түсті. Мақсат – қыстан қысылмай шығып, көктемде көктей берсін деп тілек тілейтін халық арасында қанымызға сіңісті, жанымызға жұғысты мейрамды кеңінен насихаттау.   - Ағайынның арасында, көршінің арасында, ұжымдағы адамдар арасында бір-біріне деген ренжісу, тоң болатын болса, бүгін армысың, әз Наурыз, армысың, бауырым деп соны ерітетін мереке!- дейді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Оразкүл Асанғазы, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған кеште айтыскер ақын Балғынбек Имашев пен Айсәуле Бейсенхан мерекелік айтыс жасады. Қағытпа қалжың мен жарасымды әзіл сөз қадірін түсінетін көрерменді қуантпай қоймад Сондай-ақ, белгілі дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Сәуле Желдібаева, Жаңабай Өтегенов ән шырқады. Кештің тегін өткізілгенін ескерсек, көрермен рухани азық алып қана қоймай, белсенділік танытып, интерактивті ойындарға қатысқандары сый-сияпат арқалап кетті. Сонымен Елорда алдыңғы қатарда Әз Наурызды бастап кетті. дереккөз: astana.gov.kz