Заң жобасын қайта қарау қажет!

photo_66434Елiмiздiң Қылмыстық ко­дек­­сiне енгiзiлмек өз­гер­тулерге қатысты кеше Алматыда бас­па­сөз жиыны өттi. Жиынға үкi­меттiк емес ұйымдардың басшысы Зәуреш Батталова, Қа­зақ­стандағы еңбек конфедерациясының төрағасы Мұрат Машкенов, құқық қорғаушылар Юрий Гусаков және Айна Шорманбаева қатысты. Жиын спи­кер­лерi парламент қабырғасында талқыланып жатқан Қылмыстық кодекстегi өзгертулердiң кемшiн тұс­тарын айтып, азаматтардың құқығын шектейтiн мұндай заң жобасы қайта қаралу керек деп мәлiм­едi.
Соңғы жылдары елiмiз­де болған еңбек дауына қатысты барлық ереуiл заңсыз өттi. Алайда жұ­мыс­шылардың заңды түр­де наразылық танытуына жергiлiктi билiк ешқашан рұқсат бер­мейдi. Мұн­дай жағдайда қайтпек керек? Мәселен, жалақысын ала алмай айлар бойы сандал­ған мұнайшылар жұмыс беру­шiге өз талаптарын сан мәрте қояды. Әйткенмен олардың талаптары ескерусiз қала берсе, ере­уiлдеп, наразылық танытпаудан басқа жол бар ма? Соған қарамастан, мәжiлiсшiлер бi­рiншi оқы­лымда-ақ Қылмыстық кодекстiң бiрнеше баптарына ұсынылған өзгерiс­терге қолдау бiлдiрiп, мақұлдап жiбер­дi. Мәселен, қо­ғамдық ұйымдарға қатысты 401-бапта “мем­лекет­тiк қызмет органдарының қыз­метiне араласса” де­лiн­ген жолдар бар. Қоғамдық ұйымдар мемлекеттiк қызмет органдарының iсiне заңсыз араласпайды. Алай­да өзi қоғамдық ұйым болса, қоғамдағы мәселенi көтеру мақсатында мем­лекеттiк органдарға талап қоятыны сөзсiз. Бi­рақ осы жерде қоғамдық ұйымдар мен олардың басшысы жауап­қа тартылуы мүмкiн. Себебi, құзырлы мекеме­лердiң еш әре­кетсiз отырғанын айтып, талап қояды.
Ата заңымыздағы осын­дай қарама-қайшылықтарды мы­сал­ға келтiрген құқық қорғаушылар: “Жаңа заң жобасындағы қоғамдық ұйым басшыларының жазасын қатайту – құқық теңдiгiне нұқсан кел­тiредi. Сондай-ақ, мемлекет­тiк орган тарапынан жасалған әлеу­меттiк-құқықтық жағдайға байланысты ой-пiкiрiн бiлдiрiп, келiспейтiнiн мәлiмдеген топты да, оның бастаушысын да жазаға тарту жалпы азаматтардың құқығын шектеу болып шықпай ма?”– дейдi. Осыған байланысты А.Шорманбаева: “Қоғамдық ұйым өзiнiң жарғысында жоқ жұмыспен айналысса, ұйымға айыппұл салынады. Содан да болса керек, қазiргi кезде елi­мiздегi қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкiл­дерiнiң билiкке қатысты ешқандай наразылық танытуға мүмкiндiгi қалмады”, – дедi.

"Жас Алаш"