ҚР Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды

20140312144531Елбасы Н. Назабаевтың Жарлығымен ҚР Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды. А.Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Бірнеше мәрте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Мәдениет саласында «World master» жоғары атағына ие. Бұның алдында 2008 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған. Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің артісі болып бастаған. 1991-1993 жылдары аралығында Мәдениет министрлігінде маман болды. 1993 жылы ҚР Мәдениет министрінің көмекшісі болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР Президентінің оркестрінде қызмет атқарды. Сонымен қатар «Қазақ әуендері» АҚ-на басшылық етті. 2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған. inform.kz