Назарбаев пен Обама Украинадағы жағдайды талқылады

3
1080

АҚШ президенті Барак Обама Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылап, осы елдің проблемасының бейбіт жолмен шешілуіне мүдделі екендерін растады.
Бұл туралы РИА Новости Ақ үйге сілтеме жасап хабарлады.
Обама Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімесінде осы Орта Азиялық республиканы Украинаның проблемасын бейбіт жолмен шешу жолында белсенділік танытуға шақырды.
«Көшбасшылар Ресей мен Украинаның арасындағы дау-дамайды бейбіт жолмен шешуге мүдделі екендерін растады. Олар тәуелсіздік және аумақтық тұтастық тұжырымдамаларын қолдаудың маңызды екеніне келісті», – делінген хабарламада.
NUR.KZ

3 ПІКІРЛЕР

  1. Америка елден ақыл сүрап кенесетің халық емес екені бәріне әйгілі сондықтан біздің ел басына путинмен дос болсаң балтаңды үмытпай жүр дедіде

  2. әр елдің тыныш өмір сүріп,бейбіт аспан астында дамығанына не жетсін.Еліміздің тыныштығын сақтап,аман болайықшы. Ал,украина халқына шыдамдылық, ақыл мен өзара түсінушілік тілеймін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз