Қазақстандық украиндықтардың ҚР Президенті Н.Назарбаевқа ашық хаты

nazarbaev Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз, Тәуелсіз Қазақстанның қолданыстағы заңдарына сәйкес тіркелген украиндық этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, осынау сын сағатта Өзіңізге қайырылуға мәжбүрміз. Өз еңбек жолын Украинаның Днепродзержинск қаласында бастаған Сізге, яғни, біздің Президентке, Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасына және пікіріне әлемдік қоғамдастық құлақ асатын көреген саясаткерге ашық хат жазуға мәжбүр болып отырмыз! Елдегі қоғамдық-саяси жағдайды қалыпқа келтіру» деген сылтаумен РФ Президенті Владимир Путиннің Украина территориясында әскери күш қолдану туралы 2014 жылдың 01 наурыз күнгі үндеуін РФ Федералды кеңесі бір ауыздан қолдады. Біз міне, соған қатты алаңдаулымыз. Путиннің Үндеуін Федералды кеңесі қолдағаннан екі күн бұрын айырма белгісі жоқ қаруланған әскери адамдар әскери техника қолдана отырып, Севастополь мен Симферополь әуежайын бақылауға алып, Украин шекарашыларының базасын қоршап, Қырымның жоғарғы кеңесі мен министрлер кеңесі ғимараттарын басып алды, Ресейдің туын көтерді. Бәріміз азаматы болып табылатын Қазақстан Республикасының территориясында арам ниетпен өзге шет мемлекеттердің туы тігіліп тұруын көзге елестетудің өзі қиын. «Орыстілді тұрғындарды қорғау» делініп әдейі ойлап табылған сылтаумен РФ-ның Украина ісіне әскери күшпен араласуының күрделене түсуі бізді қатты түршіктіріп тұр! Сондықтан, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Ресей әскерінің Украина территориясына басып кіру арқылы сол елдің территориялық тұтастығына қауіп төндіріп отырғандығын Қазақстан халқының атынан ашық көзқарас танытуыңызды сұраймыз! Өз тарапымыздан РФ басшылығының егеменді һәм тәуелсіз көрші мемлекетке жасап отырған арандатушылық әрекеті халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу болып табылады деп есептейміз. Сізге деген зор құрметпен, Қазақстан Республикасындағы Украиндық этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары 03 наурыз 2014 жыл Abai.kz