Ақша үшін жас қызды аяусыз өлтірген

1
2702

20140307_va14_54_141212014 жылдың 4-наурызында із-түссіз жоғалған Саида Ибрагимова тонаушылық мақсатымен өлтірілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның жақындарының полицияға хабарлауынша, 24 жастағы қыз 18:30-да үйден шығып, қайта оралмаған. Құқық қорғау органының қызметкерлері із-түссіз жоғалған қызды оның 24 жастағы танысы өзінің досымен келісу арқылы өлтіргенін анықтады.
Күдіктілер оны тонау үшін өлтірген. Осы ретте олар қаза болған қыздың банктік карточкасындағы сақталған ақшаны иемденген. Қос күдікті де Алматының жұмыссыз тұрғындары екені хабарланды.
Адам өлімі дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда жаңа жыл мерекесі кезінде із-түссіз жоғалған 16 жасар қызды таксист өлтіріп кеткен.

tengrinews.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз