Жоғалған "Boeing" әуе кемесіне тиесілі болуы мүмкін қалдықтар табылды

samolet_chellendzher Оңтүстік Қытай теңізі аумағында жоғалған ұшақты іздеп жатқандар Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777-200 әуе кемесіне тиесілі болуы мүмкін қалдықтарды тапты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұшақтың есігі мен артқы бөлігіне ұқсайтын сынықтарды тапқан. Соңғы мәліметке сай, ұшақта болған жолаушының бірінің ұялы телефоны қосулы күйі қалған, деп хабарлайды 24.kz. Туыстары оған бірнеше мәрте қоңырау шалып, алайда ешкім жауап бермегенін айтқан. Енді олар ұшаққа иелік ететін әуе компаниясынан телефонның қуаты бітпей тұрғанда спутниктік технология арқылы дереу табуды сұрап отыр. nur.kz