А.Перуашев: «Жириновскийді Қазақстанға келтірмеу үшін мәлімдеме жасадық»

14
1311

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

Жириновскийді Қазақстанға келтірмеу үшін мәлімдеме жасадық

Ресей мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары, Либералдық-демократиялық партияның жетекшісі Владимир Жириновскийдің Орталық Азия елдері, оның ішінде, Қазақстанға байланысты айтқан сөздеріне байланысты, «Ақ жол» партиясының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мырзамен сұхбаттасқан едік.

– Ресей мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский 23-ақпан күні Мәскеуде сөйлеген сөзінде Украинадағы жағдайды айыптап, Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігіне күмән келтірген болатын. Ол «Ресей Украина ғана емес, осы мемлекеттердің барлығын уысынан шығармауы керек еді» дей келе, «Ресей шекарасын оңтүстікке қарай кеңейту» жайын да айтқан. Қазақстан бұндай мәлімдемелердің қайталанбауы үшін не істеуі керек?

– Әрине, Жириновскийдің сөзі біздің намысымызға тиіп отыр. Тіпті еліміздің мазмұнына да тіл тигізу. Оны назарсыз қалдыруға болмайды. Сол себепті үш фракция ортақ мәлімдеме жасады.

– Азат Тұрлыбекұлы, сіздің ойыңызша, Жириновскийдің Қазақстанға келуіне тыйым салу керек пе?

– Біз үш партия атынан мәлімдеме жасадық. Мәлімдемеде Жириновский Қазақстанға келмесін дедік. Жириновский су ішкен құдығына түкіріп отыр. Өйткені ол Алматыда туған ғой. Әрине, ондай адам біздің жерімізге аяғын баспасын деп өз ойымызды жасырмай айттық.

– Ресейлік оппозиционер Эдуард Лимоновтың «Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосу керек» деген мәлімдемесі жария етілді. Екі мәлімдеме бір мезгілде таралып отыр. Осындайда қазақ қоғамы алаңдаушылық білдіріп, Кедендік одақ, Еуразиялық экономикалық одақ секілді интеграциялық шаралардан бас тарту жайында ашық айтуда. Осы тұрғысында не ойлайсыз?

– Бұл «Еуразиялық одақ» және «Кедендік одақ» туралы мәселе. Мен интеграциялық үрдістерді қолдаймын. Себебі нарықтық экономика өз қазанында піспейді. Оны дамытамыз десек, тәуелсіздігімізді сақтай отырып, ашық кеңістікке шығаруымыз керек. Бірақ «Еуразиялық одақ», «Кеден одағы» Ресейдің ресми органдарының жауабымен байланысты. Әрине, Жириновскийдің айтқанын бұлар қолдаса, бұлармен ешқандай серіктестікке баруға болмайды. Бұлар Жириновскийдің айтқаны қате десе, біз ортақ серіктестікке баруымыз керек. Бұл жерде Елбасымыздың сөзін еске алайын: «Тәуелсіздігіміз – еліміздің ең басты байлығы. Егер кез келген жағдайда біреу біздің тәуелсіздігімізге қауіп төндірсе, біз әр уақытта одақтан шығып кетеміз» дегені бар. «Ақ жол» партиясы Елбасымыздың бұл сөзін қолдап, арнайы өз мәлімдемемізді қабылдадық.

– Ал, Украинадағы жағдай туралы не айтасыз?

Әрине, Украинадағы жағдай күрделі. Еліміздің Сыртқы Істер Министрлігі жасаған мәлімдемесін қолдаймыз. Украинаға қатысушыларды сабырлыққа шақырамыз. Өзімнің жеке пікірім, ең алдымен, не болса да, қару қолдануға немесе қарумен қорқытуға болмайды. Әрине, Украинадағы жаңа билікке, құдай берген көршілермен бейбітшілікте өмір сүргені дұрыс болар еді. Екінші жағынан, зорлық арқылы билікке келгендер, сол зорлықты тоқтата алмай қалуы әбден мүмкін. Қалай болса да жағдайды пікір алысу арқылы шешу керек. Өз тарапынан Ресей басшылары Украинаның  жаңа билігімен санасу керек. Себебі, Тәуелсіз мемлекет өз таңдауын өзі жасауы тиіс. Ең бастысы, екі елдің арасында қарым-қатынасты түзету жолында Украина елінің жері бөлінбей шешілуі керек. КСРО құлағаннан кейінгі келісімдер бойынша, жаңадан Тәуелсіз Елдің шекарасы тұрақты мызғымас болу керек. Бүгін Қырым автономиясының Парламенті Ресейге кіру туралы шешім қабылдады. Ал, біздің білуімізше, ол жердің жергілікті халқы Қырым-Татарлары мұндай шешімді қолдамайды. Бұл  Қырымда тұратын орыс тұрғындарының шешімі. Әрине, мен үшін бұл өте қауіпті және құқыққа жатпайтын жағдай. Мен қалай болса да Тәуелсіз елге, тәуелсіз жерге басқа империялық амбициясы бар мемлекеттің тигені өте қауіпті деп білемін. Қорыта келгенде, «Еуразия экономикалық одағын» құрып, одақтасуға ниетті  тәуелсіз мемлекеттердің арасын Жириновский сияқтылардың араңдатушылығына жол жоқ деп сенейік!

 

Сырымбек ТӨЛЕУҰЛЫ,

өз тілшіміз,

Астана қаласы

14 ПІКІРЛЕР

  1. Жаппай казактарды барлык амал аркылы солтустiктегi облыстарга тарту керек, кеш болмай турганда, осы Жириновскийдiн айткан созiне карсылык амалын бiздегi бiрде бiр орыс атаулы жасаган жок, бул дегенiм оларда (Казакстан орыстары асiресе солтустiктегi) Ресейге дакындасу ниетi бар дегендi бiлдiрме ме?!

  2. Үйде отырып қазақтардың құлағына лапша ілгенше,өзіңше
    орысша мықты саясаткер,оратор политиксің ғой Ресейге
    барып бірге бір шығып Руслан Құрбанов сияқты жириновскидң быт шытын шығармайсыңба Бұл лапша мәлімдемеңе ол түкіріп
    қойыпты

  3. Мәселе Жириктердің елге келу-келмеуімен шешілмейді. Сол ойларды тарататын ақпарат құралдарының таралымына және елдің тәуелсіздігіне қауіп төндіретін жарияланымдарды жариялауына шектеу қою керек. Парламентте осы мәселені талқылау қажет. Он жыл бұрын тілге қарсы шыққан «халық қалаулылары» сияқты бұл жолы да кімнің қандай ұстанымда екені анық көрінеді! Біздің Президент пен оның қуыршақ партиялары өтірік мәлімдеме жасаған болып, өздерін өздері алдап отыр. Біз мұндай трюктердің талайын көргенбіз. «Триколор» партиялар (Нұротан-сары, КП-қызыл, Ақжол-ақ түс) жасаған мәлімдеме ертең елге бір нәрсе айттым деп жауап беру үшін дайындалған арзан сөз. Бұл мәлімдеме Павлодардың «ең керек нәрсе» деген қағазынан құнды емес!

  4. Еуразиялық одақ дегеніміз, біздің еліміз үшін пайдасы зор. Себебі Оодақтас мемлекеттердің сауда айналымы еркін тоғысып, бір -бірімен айналса, демек, халыққа сапалы әрі арзан табар жететінін айтпасақта, белгілі жағдай. Алайда, Ақ жол партиясы еліміздегі белсені парнтиялардың алды,бұл шындық. Ал, Жириновскийдің Қазақстанға келуі келмеуі Үкімет шешеді. Тек қана Ақ жол партиясы Жириновскийді Елімізге келесін деп, Үкіметке мәлімдеме жолдады. Демек Ақ жол қол қусырып қарап отырмай, халықтың игілігі үшін жұмыс істеуде.

  5. Қалай десекте «Ақ жолдың» ұстанымы дұрыс, Азат мырзаның мәлімдемесі дер кезінде шығып,нақты іс қимылдың уақтылы болғанын айту парыз. Алға, қолдаймыз!
    Арқалық Торғайұлы

  6. Ақпарат беттерінде Ресей империясының шовинистік пиғылдағы арандату мақсатындағы мәліметтер жиі қайталанып тұр. Жирик сияқты шіріктер, Лимон сынды сасықтар аз болғандай орыстың қатындары да шығып ұлт мүддесіне, қазақ халқының ар-намысына тиер сөздерді «осырақтарша» сасытып тырқалдатып, бұрқұлдатып жатқаны жиіркеніш туғызуда. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат мырзаның Жириновский сияқтыларға «персона нон грнта» жариялауға шақырғанын қолдап қана қоймай,» уралап» қостаймыз. «Іштен шыққан шіріген жұмыртқа» Жирик деген Путиннің үргізіп қойған иті, мұндай адамды өз басым мүмкіншілігім болса мүгедектігіме қарамай, 60 ты алқымдап қалсам да, барып өз қолыммен «көтінен теуіп, көк ала қойдай» қылып сабар едім. «Аюға намаз үйреткен таяқ» ол орыстың қонжығы болса мен қазақтың барысы, біздің Торғай елі,Арқалық жұртшылығы арам птғылды орыстардың еліміздің, жеріміздің тұтастығына көз алартуын айыптайды.Біз тек Жириновский, Лимонов сияқты текешіктерді ғана емес, Ресейдің қазақ жеріне әскерін кіргізіп, тәртіп қадағалаймыз деген мәлімдемесіне де қарсылық білдіреміз. Қазақ еліндегі орыстар емес, қайта қазақтар орыстардан қысым көріп отырмыз! Қысым емей немене, егер мың қазақтың ортасында бір орыс болса жиналыстарда бүкіл баяндаманы орысша айтамыз, қазақты ойлап жатқан жан жоқ. Ащы шындық болса да айтайын, қайдан тілді қастерлейміз, Елбасының өзі бір орысқа бола орысша сайрап жатса. Президентіміз өз сөзіне өзі қайшы келіп тұр. Осындай келеңсіздіктерді көрген орыс құтырмағанда кім құтырады.Өз жерімізде өгейдің күйін кешкен, қайран қазақ.Ұлт жанашыры, ұлт тағдырын ойлаған ерлерімізді атамыз, болмаса ит жеккенге айдаймыз, бірлігі жоқ елді ертең орыс аз болса, ұйғыр, қытай, шүршіттер де басынып жер менікі дері хақ. Сондықтан жүрегінде қазақтың қаны ойнаған әр ер азамат, кешегі батыр апаларымыз Әлия, Мәншүктей, ханның басын алған Тұмар әжеміздің сіңілілері, Ләззаттай қарындастарымыз бізге қолдау беріңіздер, елімізді, жерімізді, ұлтымызды кез келген жаудан сақтайық, қорғайық! «жанын шүберекке түйген» «Ақжолдықтардың» өз халқысынсыз ештеңе бітірмесі анық, құйтырқы биліктегілер «Ақ жол» партиясына қарсы не бір ойындарын ойнатып, арамза ойларын елге сыйлы азаматтарымыз арқылы айтқызуда, олардың көздегені «Ақ жол» партиясының күн өткен сайын халық алдында беделінің өсуіне тосқауыл құру. Не өздері билік айта алмайды, не басқаға жол бермейді, «Нұр Отан», «Ақ жол», «Патриот» болсын, қандай да партия тек ҰЛ мүддесін, тек Қазақтың қамын ойлауы қажет.» Жалғыздың үні шықпас» дегендей, құр «Ақ жолдың» жан айқайы кімге естіледі.»Алтау түгел болып, аспандағымыз келсін» десек»төртеу де түгел болғаны» керек. Алауыздықты қойып, билік пен халық бірлесуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі!Құрметпен қара Қыпшақ Қобыландының ұрпағы Сүгірбай, Арқалық қаласы

    0

  7. Азат ,неге Украинадағы билік зорлықпен келді деп айтасың!?сол Путиннің сөзін қайталап отырсың, Немене өз ойыңды,шын ұлтың қазақ болса ашық айтпайсың,Мен айтамын ,ертең Украинадағы жағдай бізде болса біздегі орыстар да : -«Ойбай, Ресей ,қайдасың ,біздерді қорғаңдар, деп шыға келеді.Қашанғы осы орыстарға жалтақтап, жалбаңдап жүре береміз ,Біз Тәуелсіз Елміз бе,әлде сол баяғы Ресейдің отары-мыз ба?!

  8. Украинаның Шығыс және оңтүстік бөлігінде орын алуда, оған қоздырушы фактор болып орыс шовинизмі мен ұлтшылдықты түрлі ұрандармен үргізіп отырған Кремль билігі отыр. Бір қызығы, Украина жағдайына дейін ол жақтағы орыс мәселесі туралы Кремль жұмған аузын ашпап еді, бүгінгі күнде Федерациялық Кеңеске дейін арнайы бриффингтерінде орыс мәселесін жарыса айта жөнелді. Жалпы ұлтшылдықты қоздырушы нақ осы орыс әсіре ұлтшылдығы қауіпті. Ендеше, кавказдықтарға, ортаазиялық еңбек мигранттарына деген шовинистік оқиғаларды соңғы 2-3 жылда Ресейде көптеп кездескенін неге оңай ұмыта саламыз?!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз