Forbes тізіміндегі қазақстандықтар

0
1046

2013 жылды қорытындылаған Forbes журналының мамандары әлемдегі ең бай адам деп Билл Гейтсті атады.

Оның дәулеті 76 млрд долларға бағаланып отыр. Бір жылдың ішінде ол 9 млрд долларға байыған. Былтыр осынау тізімнің көшін бастаған мексикандық телекоммуникация магнаты Карлос Слим биыл екінші орында.

Оның осы күнге дейін жинаған дүниесі 72 млрд долларға бағаланды. Ал, үшінші сатыда Inditex компаниясының иегері Амансио Ортега. Ол бір жыл ішінде байлығына тағы 7 млрд доллар қосып, жиған ақшасын 64 млрд долларға жеткізген.

Миллирадерлер қатарында ресейлік 111 азамат бар. Араларындағы ең дәулеттісі – Әлішер Усманов. Ол қырқыншы орынға жайғасқан, дүниесі 18,2 млрд долларға бағаланып отыр.

Forbes-тің миллиардерлер тізіміне бес қазақстандық бар. Ең дәулеттісі – Болат Өтемұратов (2,2 млрд доллар). 2013 жылы 670 орында тұрған отандасымыз биыл 796 сатыға төмендеген.

Ал, Тимур мен Динара Құлыбаевтар 988 орынға жайғасқан. Олардың әр қайсысында 1,8 млрд доллардан бар.

Тізімнің 1046 сатысында ENRC компаниясының ірі акционері Алиджан Ибрагимов тұрса, Владимир Ким 1078 орынға бірақ түсіпті. Ол былтыр 631 сатыға орналасып, ең бай қазақстандық атанған болатын.

nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз