Ұн мен қант бағасы шарықтады
2014 ж. 04 наурыз
2788
0
Ақтөбеде "Жергілікті өндірушілер заңды бұзды" деп күмәнданған монополияға қарсы инспекциясының өкілдері ұн өндіріп, оны тасымалдаумен айналысатын үш зауытқа тексеріс жүргізді.
Тексеріс жүргізгендер қолдан бағаны көтеріп, қасақана тауарды шектегендері үшін кәсіпкерлерге айыппұл салып, жеке табыстары тәркіленетінін айтады. Әп-сәтте ұнның бағасы 20 пайызға көтерілген.
Ал Ақтөбедегі ұн шығарумен айналыстан кәсіпорындар Қостанай мен Солтүстік Қазақстаннан астық тасымалдайтындарға шағымданады. Айтуларынша, олар Ақтөбе облысына астық тасуды тоқтатқан.
Өйткені девальвациядан соң, өнімді Ресейге сату әлдеқайда тиімді дейді.
Қантқа қатысты жағдай да мәз емес. Ақтөбеде тәтті өнімді өндіретін өнеркәсіп жоқ. Ал жергілікті шенеуніктер, тұрғындардан дабыл қақпауды өтінеді. Бірер айға жетеді деп сендіреді.
31 арна