Қазақстанда үй бағасы осы жылдан бастап күрт арзандауы мүмкін
2014 ж. 03 наурыз
1667
2
Қазақстанда баспана бағасы 50 пайызға дейін арзандап кетуі мүмкін. Бұл жайында Алматыдағы "Альянс строй инвест" жылжымалы мүлік тәуекелін бағалау тобының жетекшісі Талғат Тұрысбек мәлімдеді.
"Ол кезде нарық 50 пайызға құлдырап кеткен еді. Дәл осындай жайт 2014 жылдың аяғы мен 2015 жылдың бас кезінде орын алады деп болжап отырмын", - деді Талғат Тұрысбек.Сарапшының айтуынша, 2000 жылдың орталарындағы секілді жақын күндері үй бағасы екі есеге дейін арзандап кетуі ықтимал.
Мұның басты себебін маман әлем экономикасындағы құлдырау мен дағдарыстан көріп отыр.
"Мәселен, Қазақстанның бизнес-ортасы әлсіреген, халық банктегі ақшасын кері алып жатыр, ипотека көлемі азайып кеткен", - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, қазір үй нарығындағы бағалар тым жоғары. Халық бағаны қолдан көтеріп отыр.
Сарапшының пікірінше, девальвация дегенді тұрғындар дұрыс түсінбейді. Теңге құнсызданды деп үй бағасын тағы көтеріп жіберді. Үйдің есебі доллармен жүргендіктен, ол онсыз да 20 пайызға көтеріліп отыр. Сондықтан қазір баспана сатып алуға деген сұраныс төмендеп қалған.