Украинада жаппай мобилизация басталды

UУкраина әскерилері аяғынан тік тұрды. Елде жаппай әскери мобилизация жарияланды. Бұл туралы Евромайданның бұрынғы коменданты Андрей Порубий өзінің фейсбуктегі парақшасында жазған. Бірақ жаппай әскери мобилизацияның алғашқы күні жастардың әскери комиссариатқа келу көрсеткіші тым төмен болған.Бұған соң іле-шала әскери комисариаттар Украинадағы әскер жасындағы барлық жігіттерді шұғыл түрде тіркеуден өткізуді бастады. Ал кей облыстарда тіпті ешкім келмеген. Әскери комиссариат өкілдері үй-үйге қоңырау шалудан да нәтиже шықпай отыр дейді. Украинаның әскери мобилизация жариялауы тегін емес. Сенбіде Ресей Қырымға өз әскерін енгізетінін мәлімдеді. Ресейдің Федерация кеңесі Президент Путиннің Украинаға әскер кіргізу туралы ұсынысын қолдады Путин Украина аумағына Ресей әскерін енгізу туралы ниетін Қырым автономиясындағы орыс тілділердің зардап шегіп жатқандығымен негіздеген.

nur.kz