«Ақ жол» партиясы «Алаш арыстары» дәрістерін бастайды

alash arystary 2 

 «Ақ жол» демократиялық партиясы    биылғы 25 ақпаннан бастап,  «Алаш  арыстары» дәрістерін бастайды. Дәрісті елімізге белгілі алаштанушы ғалымдар мен зерттеуші қаламгерлер жүргізеді. Олардың арасында академиктер Жабайхан Әбділдин, Сейіт Қасқабасов, Ғарифолла Есімдер бастаған  Дихан Қамзабекұлы, Қойшығара Салғараұлы, Мырзагелді Кемел, Амантай Шәріп, Сұлтанхан Аққұлы, Қайрат Сақ және т.б. бар.

Сонымен бірге, "Ақ жол" партиясы жалпы бәйге қоры 3 миллион теңгені құрайтын  дәстүрлі "XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы" республикалық байқауы биыл үшінші рет жарияланғанын еске саламыз.  Жақында былтырғы байқау жеңімпаздарының жинағы жарық көрмек. «Алаш арыстары» дәрісі «Ақ жол» партиясы парламенттік фракциясының дәстүрлі апталық онлайн бейнеконференциясының әр айдың соңғы аптасының сейсенбісі күні  болады.  Республикадағы барлық партия филиалдары бойынша өтетін бейнеконференцияға  партия Президиумы мен Орталық Кеңес мүшелері, ақжолдық Мәжіліс депутаттары мен орталық аппарат қызметкерлері, облыс филиалындағы активтер қатысады. Сонымен қатар, жалпы қатысқысы келетіндерге де жол ашық.

Алғашқы дәрісті белгілі алаштанушы, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан өмірін зерттеуші  Сұлтанхан Аққұлы «Ақ жол» партиясының Астанадағы  Орталық офисінде бүгін сағат 16,00-де өткізеді. Мекенжайы – Сарайшық көшесі 11, № 5 офис. Телефондар 8-7172-602676, 602675.