ЕРДІҢ ғана емес… ЕЛДІҢ НАМЫСЫ КЕЛЕТІН ҚОРЛАУҒА ҚАШАНҒЫ ШЫДАЙМЫЗ?!.

15
1576

Қазір әлемдегі көптеген мемлекеттер  қым-қуыт оқиғаларды бастан кешіріп жатыр…  Сириядағы соғыс өрті өршімесе, басылатын емес. Төрт жылда бір болатын ең әйгілі спорт додасы – Ресейдегі  Сочи Олимпиадасының өзі Украинадағы қанды Майданның тасасында қалды. Бұл кейбір санасын империялық пиғыл жаулаған елдердің ақылының орнын аузынан шыққан арандату сандырақтарымен «толтыратын»  Жириновский, Лимонов секілділердің қалағандарынша үруіне ерік беруде… Ресейдің империялық пиғылының тас-талқанын  шығарған  тәуелсіз ер украиндықтарға деген ызасын «ит ашуын тырнап алады» дегендей, байлаулы төбеттер шынжырлары жеткен жерге дейін ұлуда…

«…Город «Верный» – мой любимый город, который переименовали в черт знает что – Алмату, должен быть центром Среднеазиатского Федерального округа, в который войдут Казахстан, Узбекистан, Туркменистан, Киргизия и т.д., а Украину – в девятый федеральный округ с центром Харьков.. – деп  соғады В.Жириновскийің.

Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс облыстарын Ресейге қайтару керек» деп сілтеген жазушы Эдуард Лимонов   ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ресейге жолдаған қарсылық нотасына пысқырып та қарамай, тіпті одан да асып түсіп, Қазақстанды мазақ еткендей жауап қайтарды.

«Украина туралы айта отырып, сөздің арасында орыстар негізін қалап және сонда тұрып жатқан, КСРО ыдырағаннан кейін қазақ аумағында қалып қойған ресейлік қалалар Ресейге қайтарылуға тиіс және Ресейдің оларды кері талап етуге құқығы бар деп айтқаныма Қазақстан ашуланыпты.

Айталық, бұрын Жайық (Яик, Яицкий) қалашығы деп аталған, айтпақшы, Пугачев көтерілісінің орталығы болған Орал (Уральск)қаласы, сұмдық-ай, неге ол Қазақстанға тиесілі болуы керек?
Немесе Актюбинск, немесе Петропавловск, немесе Семипалатинск, немесе Павлодар немесе Усть-Каменогорск… Бұлар – орыс қалалары. Қазақтарда қала мүлдем болмаған, олардың мәдениеті дәстүрі  көшпенділік.

Қазақ журналистері соңғы күндерде маған жиі-жиі қоңырау шалып жатыр. Қазақ СІМ (Сыртқы істер министрлігі) Ресей СІМ-нен маған бірдеме жасауын талап етіп отыр. Ал олар, министрліктегілер маған не істей алады? Мені шақырып алып, көзін қысып, СІМ менімен келісетінін ғана сыбырлап айтады да. Айтпақшы, мен дәл осыны 90-шы жылдардың басынан бастап айтып келемін. Қазақтардың да демагогиямен шұғылданбай, Ресей қалаларын бейбіт жолмен қайтарғаны жөн.
Қазақтардың мәдениеті тіпті көшпелі, олар малымен жер-жерде көшіп жүрген, тек соңғы тарихи заманда ғана отырықшы ретінде сонда тұра бастаған.
Бөтеннің меншігін қайтарыңдар!»  –
деп оттайды Лимонов деген алжыған шал…

 

Бұл жерде қазақтың «ит үреді, керуен көшеді» деген мақалы жүрмейді.  Себебі бұл «иттердің» үруі тәуелсіз елдердің көшіне елеулі нұқсан тигізетіні,  ынтымақты елдердің ырысын  ұрысқа айналдырғысы келетіні анық болып тұр…

Содан соң, «әй, соларды қойшы» дейтіндей, Владимир Жириновский жәй көшедегі біреу емес – Ресей Думасының вице-спикері, саяси партия  ЛДПР төрағасы. Ендеше бұл саясаткерсымақтардың  сөздері сандырақ болғанымен, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы ресми түрде тойтарып, оларға Қазақстанға кіруге тиым салып, персон нон грат жариялау керек. Жириновскийдің де, Лимоновтың да сандырағы бір бұл емес, өздері мақтана мәлімдегендей  талайдан оттап жүр. Талайдан қазақ қоғамы олардың елге кіруіне тиым салу керектігін айтып келеді. Ал әлемдегі ең жуас («жуас» деген сөз «жаман» дегеннің бір түрі) Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі  сылап-сипап, ресейлік саясаткерлердің бетіне келмей, алдарында құрдай жорғалауға дайын тұратындықтары  ердің ғана емес, елдің намысын келтіреді… Қашанғы қорлыққа шыдай беруге болады? Жеке басыңа тиетін сөзге шыдауға болар, елдің атына тиетін сөзге шыдауға болмайды!.. Екі елі ауыздарына төрт елі қақпақ қойдыратын кез келді.  Бір елдің парламенті басшыларының бірі, саяси партия төрағасы емес… кез-келген саяси сауаты бар адам басқа бір елдің ішкі саясатына араласуына болмайтын халықаралық қағида барын жақсы білуі керек еді… Бірақ Жириновский, Лимонов сияқтыларға үріп қалу мақсат болып тұр.

Олардың бұлай еркін сайрауларына қарағанда арттарында арқа сүйейтін Ресейдің ресми күштері тұр деп тұжырымдауға болады. «Жаманның әйтеуір бір сандырағы келеді» деп, үміттеніп, оларды сайратып қойғандар кімдер?

Ендеше «сауалына –жауабы» дегендей, әлгі жоғарыда аттары аталған қалалардың патшалы Ресей мен Кеңес империясы кезінде тарихи аттарын жойып,  күштеп таңылған Павлодар, Петропавл, Уст-Каменогорск, Семей-Семипалатинск аттарымен қоса, елдегі орыс тілімен аталған барлық қалаларға тез арада  өздерінің қазақша тарихи аттарын қайтарып беру керек. Сонымен бірге, мүмкін, Ресей құрамында қалып қойған Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласын,  Омбы, Томбы, Астрахан, Саратов, Челябинск  облыстарын қайтару мәселесін көтеру керек шығар… «Жалынғанның емес… жағаласқанның жаны қалатын» заман бұл!

В.Жириновскийдің Алматыдағы оқыған № 25 мектебінде оның суреті Құрмет тақтасында әспеттеле ілініп тұруы – елге намыс!  Оны барып жұлып алып тастап, атын өшіру керек!  Ұлт патриоттары, қайдасыңдар?  Егер Өзбекстанға немесе өзге елге  аттап басса,  бұл  «иттерді»  ит қосып қуар еді олар… Біз құшақ жая қарсы алдық кезінде Жирикті…

Тәуелсіздіктің  бақандай 23 жылына аяқ бассақ та, бір қаламызға қазақша атын қайтарып бере алмаған бейшаралығымыздың үлкен залалын енді көре бастаймыз. Ұлт патриоттарының  айтқанын – ұлт мүддесі – мемлекет мүддесі деп қабылдамай, жеке бастарының  қамын ел мүддесінен жоғары қойып, жиырыла қалатын бүгінгі билік өкілдерінің, ертісбаевшылдықтың, ыдырысовшылдықтың зардабы күннен-күнге көріне береді енді…

«Мәңгілік ел» болатын ел ең алдымен отарсыздандыру идеологиясымен айналысып, ұлттық мүдделерін ұлықтайды.  Жириновский бастаған ресейлік саясаткерлер ең алдымен ұлттың уызына, қасиетті негізіне – жеріміз бен тілімізге тіл тигізеді.  Жанды жерімізге жара салуға тырысқандарды неге біз аяуымыз керек?  Елімізге, жерімізге жаулық тілегендерді аяуға, ақтауға қызмет ететін «саяси көнбістікті» – «саяси сауаттылық» пен «мәдениеттілік» дейтін болсақ, ондай «сауаттылық» пен «мәдениеттіліктің» кімге керегі бар Жириновскийлерден  басқа… Төрімізге шығарар кеңпейіл ел болсақ та, төбемізге шығарар намыссыз ел емес екенімізді көрсетер кез келді!

Жириновский кезінде айтқандай, «қазақтарда жазу болмаған, олардың дамыған тілі де жоқ» десе, оған шынында да, қазақша һәм мемлекеттік тілде сөйлей де, жаза да алмайтын біздің Сыртқы Істер министріміз Е.Ыдырысов бастаған көптеген  министр, әкімдер мен шенеуніктеріміз  не дейді, қалай жауап береді? Сондықтан да, Жириновскийді жекпе-жекке шақырған Ғани Қасымовқа кезінде ешкім сенген жоқ, ел аяушылықпен қарады…  Өйткені қандай елде Патриоттар партиясының парламентте отыратын көсемі өз анасының, мемлекетінің  тілін білмейді?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті халыққа Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламаның жалғасы ретінде жарияланды. Ал осы бағдарламаның өзі ұлттық мүдделерге баса назар аудара бастауымен ел көңілінен шыққан еді. Онда 2025 жылы елдің 95 пайызы мемлекеттік тілде, яғни, қазақ тілінде сөйлейді деген болатын. Кешегі жолдауда да қазақ тілі туралы жақсы, нақты айтты. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», – деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Енді айту бар да, оның нәтижесі – сөздің іске асуы бар ғой… Ол жағына келгенде «Жиенқұлға келгенде шықпайды үнім» -деген саңлақ Сараның сарынына салып, сарғая күтумен келеміз… 2025 жылы мемлекеттік тілді білетіндер 95 пайызға жетуі тиіс ел, Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болуы керек мемлекеттік тілді қазір халықтың кемінде 75 пайызы білуі керек. Сонда енді жылына 2 пайызы үйренгенде, 10 жылда – 2025 жылы 95 пайызға жетеді.

Ал жағдай мүлде керісінше. Ендеше, Ел талабы мен Елбасы жолдауы орындалуы үшін Мемлекеттік тілдің деңгейін арттыратын баламасыз бір ғана мәселе – оның үстемдігін орнататын заң қабылдап, Атазаңның 7-ші бабының орыс тілі туралы 2-ші тармағын алып тастау керектігі кезек күттірмейтін мәселе болуы тиіс! 2011 жылы осы мәселені талап еткен Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялыларының Үндеуі – «138-дің хаты» жарияланғанда «Қазақ үні» газетіне 17 мыңнан аса қол қойылған қолдаулар келген болатын. Ұлтқа жақын партиялар мен қоғамдық ұйымдар, Қазақ ұлттық кеңесі бастаған ұлт патриоттары, зиялы қауым Президенттің осы «Қазақстан-2050» бағдарламасы мен Жолдауларындағы мемлекттік тіл туралы тұжырымдарын басшылыққа алып, мемлекеттік тіл туралы заң қабылдатуға ықпал етуі керек. Өйткені, МЕМЛЕКТТІК ТІЛДІҢ ҮСТЕМДІГІ БОЛМАСА, МӘҢГІЛІК ТІЛ БОЛМАЙДЫ, МӘҢГІЛІК ДАУ БОЛАДЫ… АЛ МӘҢГІЛІК ТІЛ БОЛМАСА, МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?

Ендеше, барлық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар Тәуелсіз еліміздің тұтастығына  іріткі салушы ресейлік  саясаткерлерге  өз қарсылықтарын білдірулері керек. Айтпақшы, біздің аса құрметті Ассамблея мүшелеріміз неге үндемейді?  Нұротандықтар бастаған, тәулік бойы қайталаудан  жалықпайтын «Бір ел, бір мүдде, бір тағдырымыз» қайда біздің? Орыстар бастаған өзге ұлт өкілдері неге үнсіз, біз «бір ел, бір мүдде, бір тағдыр» иесі емеспіз бе?!. Әлде бұл ұранымыз тек қазақ ұлтының ұлттық мүддесіне ғана қарсы қалқан ба?!.

Қысқасы, Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің қасиетті жеріне көз алартуды тию керек! Көздің қарашығындай сақтауға тиіс жеріміздің тұтастығын сақтауда көзқарастар алуандығына  қарамай Еліміз мүддесі үшін бәріміз бірге болуға тиіспіз!

Қазыбек ИСА

www.qazaquni.kz

15 ПІКІРЛЕР

  1. еврейдин айтканы бола бермейди сондыктан ен бастысы алаш журтымыз бирликте болайык со кезде бизге ещким де жау бола алмайды

  2. Бір Қазақ он келімсекке татитындай қайратты, білімді, намысты болуы керек. Бар Қазақ бір жұдырыққа жұмылып, ҰЛТШЫЛ болса, даладағы біреулер төрімізде тайраңдап, төбемізде секірмес те еді; шеттен патшасынып, билік те айтпас еді. Өкінішке, қазіргі қазақтардың алауыздығын, намыссыздығын, енжарлығын бөтендер әбден біліп алған. Кеңселерде шалқақтап жүрген шенеуніктерді айтпағанда, тіпті, Қазақтың нанын жеп, баспаналап отырған жалғызілікті пенсионер шал-кемпірлеріне дейін әлі күнге Қазақ Халқына, Қазақ тіліне осқырынып, мұрнын шүйіріп қарайды. Және Қазақ Елін жек көрсе де, сонау мәскеуде, қырымда тұрып жатқан ұрпағының артынан кеткісі жоқ. Бірақ, Жеріміздің жайлы екенін мойындағылары келмейді, қызғанышпен, ашкөздікпен қарайды. Кім біледі, орыстілділердің анадай террорист лимоновтың агрессиялық мәлімдемесіне үнсіздік танытуы, қолдағаны шығар. Не де болса, бір бармағын бүккен келімсектердің іштерінде ит өліп жатқаны сөзсіз. Дәл осы жолы – Қазақтан қанша жақсылық көрсе де, әлдеқандай сын туа қалса (әрине, беті әрмен), жаттың Ұлтымызды жарылқайтын түрі жоғына әбден көз жетті.

  3. Орыстар қыртып, оттады екен деп жер бергелі отырған қазақ жоқ! Келмеске кеткен патшаларының заманын аңсап сі…іп өлсін.

  4. Тәуелсіз мемлкет болу үшін үлттың тілін жоғарғы деңгейге жеткізу керек,болмаса осындай көр тышқандарға жем боламыз,жетпей жатып желкеміз қиылады.Украина халқында осы тілі арқылы екіге бөліп отырған жоқпа.Украиндар ссср-дің кезінде-ақ тілдерін қорғап отыратын,соның өзінде қандай жағдай қалыптасып отыр? Ел болайық десек тілімізді шұбарламайық.Қара қазақтар қазақ тіліне бет бүрңдар. Иттер үре берсін біз көшімізді түзейік.

  5. Қазаққа көбею керек! Екі есе емес 100 есе көбею керек, сонда экономикамызды да, әскерімізді де күшейтуге болады! Бізге Гитлер сияқты күшті, намысшыл, ұлтшыл адам керек!

  6. Тілін кесіп алу керек жириктің! мәскеуге барып, жасырын аңдып жүріп, әйтуеір бір ебін тауып қапыда бас салып, басып тұрып, шыңғыртып, қанын ағызып тілін кесіп алу керек! Сосын қолын шабу қажет! Содан кейін сөйлеп көрсін қолын сермеп сасық жид әкеңнің!!!

  7. Қазақтар қайдасындар? Бұл не деген сұмдық, егемендігімізді, намысымызды, ата-бабларымыздың мың жылдық арманың таптағандарға тоқтау салар ешкімнің болмағаны ма? Ел бастаған көкелеріміз қайдасындар? Күннің аманыңда жерімізге қол сұғып отырған «иттерге» тоқтау салар кімін бар

  8. Олар қазақтарды «басынан тепсеңде үні шықпайтын топас көреді, оған өзіміздіңде кінәміз бар.Осы «шәуілдек кәнден ит» бұдан бұрында аузына келгенді «оттап» көп ұзамай Қазақстанды қақ жарып пойызбен Алматыға өткенде әр бекетке келгенде «қыр» көрсетіп «ойқастағанда» өз қандастарымыз «құлдық» ұрып, құрдай жорғалаған жоқпа? Енді тартынып қалар жөн жоқ. Жүрегінде намысы болса «жоғарыдағылар» бір шара қолданар деп үміттенейік, «Үмітсіз шайтан» деген ғой.

  9. бул шешенди урайын Арам еврейди шовинист орыстардын кулагына жагатын ангиме айткызып койганы шектен шыгу,биздеги орыстар неге ауызын жаппайды не жамандык корди казактан

  10. Кеше Лимонов, бүгін Жириновский, ертең кім? Бұган Сыртқы Істер министрі нота-протесін беруі тиіс. Ұлттық тұтастығымызға тіл тигізді. Ресей билігі үндемей қалса, қолдап отырғаны болып шығады… тіліңді тарт, қазақтан, залым!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз