Ұлттық рухты ұлықтаған кеш

d0bcd2b1d185d182d0b0d180-d188d0b0d185d0b0d0bdd0bed0b2       

Айтулы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мұхтар Шахановтың 16-мамыр күні Алматы қаласындағы Республика сарайында шығармашылық кеші өтті.

        Кеште М.Шахановтың сөзін де, әнін де өзі жазған тіл мен рухты ұлықтаған патриоттық әндері орындалды. Республикамыздағы танымал өнер жұлдыздары мен қырғыздың Динара Акулова сынды белгілі эстрада әншісі кеш шырайын кіргізе түсті.

         Кеш барысында ақынның немерелері – Нұрмерей, Сәтмөр, Асыл Шахановалар аталарының өлеңдерін оқып көрерменнің ыстық ықыласын алды.

         М.Шахановтың азаматтық мінезі мен еңбегін Көпен Әмір-Бек әзілмен бейнелеп берсе, әдебиетшілігі мен ақындық шеберлігі, ақынның осы кеште тұсауы кесілген «Ұлт анасы – тіл» атты кітабы туралы белгілі жазушы Смағұл Елубай жан-жақты мағлұмат берді.

        Кешті қазақ радиосының қызметкерлері – Бақыт пен Гүлмира жүргізді.