Киевтегі тәртіпсіздіктер бірнеше адамның өмірін қиды
2014 ж. 21 ақпан
1889
0
Киевтегі тәртіпсіздік салдарынан 77 адам қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости Украинаның денсаулық сақтау министірлігіне сілтеме жасап. Ал, жарақат алғандардың саны 577. Тәртіпсіздіктерге байланысты қазіргі таңда "Крещатик" және "Майдан Незалежности" метро станциялары жабық тұр.
Метроның жұмысын теракт қатеріне байланысты тоқтатып қойған. Сондай-ақ, Украина бас штабының төраға орынбасары Юрий Думанскийдің отставкаға кеткені хабарлануда. Оның айтуынша, әскери қызметкерлер әскери қақтығысқа қатыспауы керек. "Мұның арты әскери адамдардың да бейбіт тұрғындардың да өліміне алып келуі мүмкін. Бұл менің Украина азаматы, офицер, өзінің қызметкерлеріне жауапты жетекші ретіндегі жеке ұстанымым", - дейді Думанский
Ертеректе хабарлағанымыздай, Украина бас штабының жетекшісі Владимир Заман орнынан кеткен болатын. Ол қазір Украина қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшы орынбасары қызметін атқаруда. Қолдағы бар мәліметтер бойынша, радикалды топ басып алған 67 ішкі әскер қызметкерлері босатылған екен.
tengrinews.kz