Сақтандыру қызметінің cапасы

d181d0b5d0bdd182d180d0b0d181-d0b8d0bdd188d183d180d0b0d0bdd181        

Жақында «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы АҚ пен халықаралық рыноктың сақтандыру саласында бағдарламалық қамсыздандыру қызметін көрсететін Болгариялық Фадата компаниясы бірлесіп Алматыда баспасөз мәсихатын өткізді. Жиын «Сақтандыру рыногының биылғы жылдың I тоқсанындағы қаржылық нәтижелері» деген тақырып аясында өтті.

          Баспасөз мәслихатында сөз алған «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Талғат Үсенов мырза бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін компанияның жылдық жұмыс қорытындысымен таныстырып, СК-ның әркез тұтынушылардың талап-тілегіне сай қызмет көрсетуді басты бағыт етіп ұстанғанын айта келе, алдағы уақытта Фадата секілді әлемдік деңгейдегі компаниялармен әріптестігін нығайта отырып, ел экономикасына үлес қосуды мақсат тұтатынын атап көрсетті. Осы тұста «Сентрас Иншуранс» СК-на Фадата компаниясының өнімі – «INSIS» деп аталатын тіркеу мен сақтандыру қызметін бақылаудың кәсіби-ақпараттық жүйесін енгізгендігін айта кеткендігіміз жөн. Яғни, күн санап сақтандыру қызметінің сапасы жақсарып келеді.

 

Жұлдыз ОРЫНБАЙ