Салымшылар Каспий банктен қомақты қаржыны талап етіп отыр
2014 ж. 21 ақпан
2089
1
Салымшылар Каспий банктен екі күннің ішінде 40 млрд теңге қаражатты алып кеткен.
"Бұл шамамен қаржы инстиутына салынған депозиттің 10 пайызына тең", - дейді банк басқармасының төрағасы.
Қазірдің өзінде нақты осы банкке сенімсіздік танытып, қаражатын кері қайтарып алуға тырысқан адамдар саны артып отыр. Арнайы баспасөз мәслихатын өткізген қаржы институты елімізге шетелдік серіктестерін шақырып, олар жағдайды реттеуге қол ұшын созған.
Банк қазір үлкен техникалық қиындықтарға тап болып отыр.
"Сейсенбі күннен кейінгі дүрбелеңнен соң банк филиалдарына қолма-қол қаражат жеткізу ауырлық етіп жатыр", - дейді банк басшылығы.
"Каспий банк" еліміздегі ең ірі бөлшек банк ретінде 3 миллионнан астам қазақстандыққа қызмет көрсетеді.
"Осы СМС-шабуылдардан соң салымшылар қаражаттарын кері ала бастағаны бізді алаңдатады. Қазірдің өзінде барлық депозиттің көлемінен 10 пайызы қайтарылды. Бұл шамамен 40 млрд теңгеге жуық. Бірақ біз қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін клиентер арасында түсіндіру жұмыстарын арттырдық. Тіпті соңғы екі күнде бөлімшілердің жұмыс кестесі кешкі сағат 21.30-ға дейін ұзартылып отыр", - дейді басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.
nur.kz