Жақсылыққа жамандық жасаған қаныпезер

1
1044

         Сәуір айының соңғы күндерінің бірінде адвокат Күлара Адамбаева өз үйінде айуандықпен өлтірілген еді. Қанды өлімге барған қөқатыгез мұнымен қоймай істеген қылмысын жасыру үшын үйді өртемекші болыпты.

          Сол мезет пәтердегі түтінді байқаған тұрғындар бірден өрт сөндіру қызметінің көмегіне жүгініпті. Тез арада оқиға орнынан табылған өрт сөндірушілер ол жерден 69 жастағы адвокаттың мәйітін тапқан болатын.

          Өз үйінде өлім құшқан Күлара Адамбаева болса ұзақ жылдар бойы судья қызметін атқарған.Кейін зейнетке шығып, адвокаттық салаға ауысқан екен. Сараптама қорытындысына сәйкес оның буындырылғаны және кеудесіне бірнеше   жерден пышақ сұғылғаны расталды.

      Тәртіп сақшылары істің барысымен танысқаннан кейін-ақ қылмыстың Адамбаеваның қызметіне қатысты деп күдіктенген болатын.Бұл күдік расталды да. Арада көп уақыт өтпей-ақ 1982 жылы туған Өзбекстандық азамат қолға  түсті. Таяуда ұялы телефон ұрлағаны үшін қамауға алынған оның сол кездегі қорғаушысы Күлара Адамбаева оны қылмыстық жауакершіліктен арашалап қалыпты. Бірақ әлгі азамат қорғаушы еңбекақысын талап еткен кезде төлей алмайды.

          Сөйтіп өзін қорғаған адвокатты 28 жасар жігіт өз қолымен өлтіреді.

          Ал, ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Серік Шалқаров болса, адвокаттың өз еңбекақысын беруді талап етемін деп ойламаған жерден айуандықпен өлтірілгенін айтады.

          Өзіне жақсылық жасаған жанды қанды өлімге қалай ғана қиды екен, қаныпезер? Кісі өлімін мойынан арқалау қылмыстың үлкені. Ендеше ол өз жазасын өтері анық…

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз