Төрт "омыраулы" қыз өзін "ерекше жанмын" деп есептейді

taraz_araylymТараздық тұрғын Арайлым Тұрмағанбетованың тәнінде төрт бірдей аналық безі бар. "Ерекше жанмын" деген ол омырауындағы артық мүшені жақсылықтың нышанына балайды. Кеудесіндегі түйіндерді алғаш рет 17 жасында байқапты. Арайлым аналық бездерінің көптігімен мақтанады. 35 жастағы келіншектің омырауында төрт емшек жеке отау тігіп шыққан. Оны құдайдың сүйген құлына берген сыйы деп түсінген ол камера алдында да еш қымсынбастан көрсетті. "Мен басында мұны қал екен деп жүрдім. Алайда, қалай болды, солай қалып қойды. Мен осындай адамдарды емдегім келеді. Өйткені, мен өзге әлемнен келгендеймін", - дейді ол. Кеудесіндегі кесектердің анар екенін алғаш 17 жасында байқапты. Мақтануға тұрарлық мүшемнен ешқандай ауыртпалық сезінген жоқпын дейді ол. Қайта артық энергияның белгісіне балайды. araylym_taraz Биоток арқылы адам бойындағы ауруды анықтай алатынына сендіреді. Ал ақжелеңділердің айтуынша, бұл ешқандай қауіпті ісіктен хабар бермейді. "Бұл емшек бездерінің қауіптілігі жоқ деп те, бар деп те айта аламын. Өйткені қауіптілігі жүктілік кезінде болуы мүмкін. Жүктілік кезінде ісініп, сондай бір ыңғайсыздық туғызады. Қиыншылық туғызуы мүмкін. Құрсақ көтерсе сүт бездері шошынып кетуі бек мүмкін", - дейді акушер-гинеколог Нория Гатина. Ал Арайлымның өзі омырауындағы түйіндерді операциялық жолмен алдыруға түбегейлі қарсы.

31 арна