Сочи олимпиадасының алғашқы жүлдесін Денис Тен әкелді

1
1974

20-жасар қазақстандық мәнерлеп сырғанаудан Сочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Сочидегi қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қола медальді жеңiп алды.

Қысқа бағдарламада 84,06 ұпаймен тоғызыншы орынға ие болған Денис еркiн бағдарламада 171,04 ұпай жинап, жалпы есепте 255,10 ұпаймен үшiншi орынға ие болды.

Бiрiншi орын жапондық спортшы Юдзуру Ханюға (280,09) бұйырса, күмiс жүлде канадалық Патрик Чанның (275,69) еншiсiнде кеттi.

20 жастағы Тен 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU қамқоршылығымен өткен әртүрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы атанған.

Сондай-ақ, жас спортшы Қазақстанның үш мәрте чемпионы болды, ол – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Астана» кәсіби Президенттік Клубының мүшесі.

Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен жарыстағы өзінің нәтижесіне көңілі толатынын мәлімдеді.

«Олимпиада ойындары шынымен де ең оңтайлы түрде қалыптасты. Менің ойымша, бұл жақсы нәтиже және үлкен табыс. Осы медаль ең алдымен біздің елдің жетістігі. Бұл тұрғыда Қазақстан тарихына өз үлесімді қосуға қауқарлы болғаныма өте қуаныштымын», – деді Денис Тен Сочиде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол өз сөзінде көрсеткен қолдауы үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне алғысын білдірді.

«Мен тек осы сайыс барысында ғана соңғы бірнеше жылдың ішінде қандай елеулі ілгерілеушілік болғанын түсіндім. Атап айтқанда спортшылар арасындағы тартыстың деңгейі айтарлықтай жоғарылап, мәнерлеп сырғанаудың деңгейі көтерілген», – деп түйді спортшы.

Сондай-ақ, Денис Тен үшінші орынға 11 адам таласқанын, осы орайда олардан оза түскеніне өте қуанышты екенін айта кетті.

nur.kz

 

1 Пікір

  1. Алланың Денис Тенді бергеніне де «тәубе» деп қуанып жатырмыз.Осы Денистің маңдай тер, еңбегімен әперген «қоласы» арқылы орын алған мемлекеттер қатарына іліктік. Әйтпесе 60-шақты мемлекет бұған да жете алмай «құр қол» қалды.Бұндай әлемдік деңгейдегі үлкен спортты бағындыру, хирургтің жасап жатқан операциясы сияқты өте жауапты сәт.Хирург ауруды аман алып қалуға жанталасса, спортшы мемлекетке абырой әперу үшін жанталасады.Екеуінде де ең маңыздысы-ДЕНСАЛЫҚТЫ САҚТАП ҚАЛУ.
    Денистей намысшыл ұлымызға алғысымыз шексіз.АЛЛА-денсаулық, бақыт,өмірде де, спортта да үнемі жеңіс сыйласын!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз