«Халық қамын ойламаған биліктегілер мен банк басшылары орындарын босатсын»

2
1294

«Теңге құнсызданса, күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы шарықтау шегіне жетеді» деген сарапшылардың сәуегейлігі ақыры шындыққа айналды.

Жанармай бекеттеріндегі таңертеңгі бағамен қазіргісін салыстырсаңыз, айырмашылық жер мен көктей. Әп-сәтте бұлқынып шыға келген бағаны көрген жұрт аң-таң. Ал,  девальвациядан кейін  20 пайыздық инфляция  басталады деп дабыл қағып отырған сарапшылар, тұрғындарға ең болмағанда  азық-түлік пен  бірінші кезекте тұтынатын тауарларды бүгіннен қалмай ескі бағамен алып үлгеруге кеңес береді.Айналдырған екі-үш сағаттың ішінде еліміздің бірқатар өңірінде азық-түлік пен бензиннің бағасы секунд сайын қымбаттап кетті. Бір Алматының өзінде сұранысқа ие АИ 92 маркалы бензин құны 115-тен бірден 175 теңгеге жоғарылады. Осылайша әліптің артын бағып отырған халықты, «қаһарына мінген» қымбатшылық әлден қыспаққа алып жатыр. Ал, экономистер қарапайым халыққа қандай кеңес береді?

«Біздің ішкі нарық азық-түлік болсын, киім кешек болсын, бұлардың басым бөлігі шетелден әкелінеді. Теңгенің құнсыздануы сол бағалардың күні ертең шарықтауына алып келтіні анық», – дейді саясаттанушы Расул Жұмалұлы.

Саясаттанушы  Расул Жұмалы қарапайым тұрғындарға  алдын-ала ескертілмеген  теңгенің құнсыздануынан соң, үкімет пен ұлттық банк басшылары отставкаға кетуі керек деп есептейді.

Айтуынша, бұл биліктің халықты  ашықтан ашық  тонауы.

«Тонаудың заңдастырылған бір түрі», – дейді ол.

Солақай саясаттың негізінен туындаған проблемаларды енді девальвация арқылы халықтың есебінен шешудің осындай әрекеті.

Экономист Айдан Кәріпжанов фэйсбук парақшасында теңгенің құнсыздануы  мұнай, металл, астық экспорттайтын алпауыттарға пайдалы, ал алыс-жақын шетелдің азық-түлік, киім-кешегін тұтынатын қарапайым халыққа бұл шаш етектен шығын деген пікір айтады. Сондай-ақ, шетелден доллармен қарыз алып, халыққа теңгемен несие таратқан банктерге де девальвация ауыр тиеді дейді.

Қайткенде де,  долларлап салғандардың дорбалары толғанмен, Келімбетовтың айтқанын тыңдап  теңгелей сақтағандар сан соғып қалды.

Төменгі санаттағы адамдарға обал. Доллардың  қымбаттағаны демек барлығы қымбаттайды деген сөз.

«Көбейте берсе, біз не боламыз енді. Онсызда әрең жүрміз. Көтере берсін. Көрсін халықтың не баларын», – дейді қара халық.

Қазақстанның автонарығында да қарбалас кезең басталды. Әсіресе алып-сатарлар қыруар шығынға батып, бармағын тістеп отыр.

«Екі жыл болды машинамен айналысып жүргеніме. Кеше екі миллионға машинамды сатып едім. Сатқан машинамды енді өзім ала алмайтын болдым. Бүгін ғана біліп отырмын. Доллар көтеріліп кеткенін. Ақшамның үстіне ақша қосам ба кешегі сатқан машинамды өзім ала алмайтын болдым», – дейді қала тұрғындарының бірі.

Қазақстанда теңгенің құнсыздануы соңғы рет 2009 жылы ақпан айында жүрген болатын. Доллардың құны ол кезде 23 пайызға қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, ол кезде де Келімбетов айтқандай, валюта саясатында оң әсер болған емес. Керісінше, жұмыссыздар толығып,  баға шарықтап,бар ауыртпалық әдеттегідей қарапайым халыққа түскен.

31арна

2 ПІКІРЛЕР

  1. Алдау, арбау,қорқытып үркіту экономика қайда қорқаулар елді жерді талағандарың азба енді елдің қалтасына қол салу қалдыма?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз