Мәжіліс депутаты А.Перуашев батысқазақстандық кәсіпкерлермен кездесті.

Azat Oralda

Мәжіліс депутаты А.Перуашев батысқазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының Парламенттегі фракциясының жетекшісі Азат Перуашев алдымен облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болды.Облыс басшысының атап өткеніндей, еліміздегі саяси партия­лар­дың қай-қайсысы да  Елбасы­ның ұстанып отырған  саясатын қол­дай­­ды. «Ақ жол» партиясының кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөліп отырғаны қуантады. Батыс Қазақстанда да кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасалуда.-Жайық өңірінде бірнеше рет болдым. Мұнда атқарылып жат­қан жұмыстар баршылық. Биылғы Жолдауда да кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше көңіл бө­лін­ді. Жұртшылықпен кездесу жұ­мы­сы­мызға жаңа серпін  береді. Жолдауды жүзеге асыру - тек мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, сонымен бірге оған әр азамат атсалысуы тиіс, - деді депутат Азат Тұрлыбекұлы. Жұмыс сапары барысында А.Перуашев «Даму»  кәсіпкерлікті да­мыту қоры» АҚ облыстық филиалының кәсіпкерлерге қызмет көр­сету орталығының жұмысымен та­­нысты. Батысқазақстандық кәсіпкерлермен кездесуде осы салаға қатысты өзекті мәселелер сөз болды. Өңір кәсіпкерлері Елбасы Жолдауын қолдай отырып, жергілікті отандық кәсіпорындарды қолдау бағытында өз ұсыныс-тілектерін білдірді. Мәжіліс депутаты басқа да бірқатар кездесулер өткізді. Елжан Ералы, ҚазАқпарат