Мәжіліс депутаты А.Перуашев батысқазақстандық кәсіпкерлермен кездесті.
2014 ж. 10 ақпан
1461
0
Мәжіліс депутаты А.Перуашев батысқазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқыладыОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының Парламенттегі фракциясының жетекшісі Азат Перуашев алдымен облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болды.Облыс басшысының атап өткеніндей, еліміздегі саяси партиялардың қай-қайсысы да Елбасының ұстанып отырған саясатын қолдайды. «Ақ жол» партиясының кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөліп отырғаны қуантады. Батыс Қазақстанда да кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасалуда.-Жайық өңірінде бірнеше рет болдым. Мұнда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Биылғы Жолдауда да кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Жұртшылықпен кездесу жұмысымызға жаңа серпін береді. Жолдауды жүзеге асыру - тек мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, сонымен бірге оған әр азамат атсалысуы тиіс, - деді депутат Азат Тұрлыбекұлы.
Жұмыс сапары барысында А.Перуашев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Батысқазақстандық кәсіпкерлермен кездесуде осы салаға қатысты өзекті мәселелер сөз болды. Өңір кәсіпкерлері Елбасы Жолдауын қолдай отырып, жергілікті отандық кәсіпорындарды қолдау бағытында өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Мәжіліс депутаты басқа да бірқатар кездесулер өткізді.
Елжан Ералы,
ҚазАқпарат
|