Жеңіл жүрісті қыздардың 60-70 пайызы студенттер

 jezokshe
Астана. 7 ақпан. Baq.kz – Қырғыз елінің астанасындағы жеңіл жүрісті әйелдердің 60-70 пайызы жоғарғы оқу орындарының студенттері, - деп мәлімдеді Адам саудасы мен құқын қорғау жөніндегі бірлестік бөлімінің бастығы Саламат Адылов БАҚ өкілдерімен болған арнайы баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, жүрісі жеңіл ұзынетектілер үнемі Бішкекте қызмет көрсетпейтін көрінеді. - Көп ретте олар пәтерақыға немесе азық-түлікке ақша керек болған кезде ғана, бір-екі күн бойы жиіркенішті жұмысқа бел шеше кірісуге мәжбүр. Осы мақсатта олар апта бейсенбісінің кешінде топтасып алып, Алматыны бетке алудан да бас тартпайды. Әрине, жезөкшелікпен айналысу үшін. Көптеген студенттер осындай күйде жүр. Тіпті, мұндайлардың қызметі жаға ұстатарлықтай. Мысалы, өз қызметін 80 мың сомға дейін бағалайтындар да бар» - дейді С. Адылов. - Бүгінгі таңда 3,5 мыңға жуық нәзік жандылар Бішкек түнінде интимдік-қызмет ұсынумен айналысады. Олардың арасында 13 жастағылары да кездеседі. Тіпті, керек болса сақтануды былай қойып, өзінің не істеп, не қойып жүргенін білмейтіндер де жоқ емес. Жақында ғана осындай қызмет көрсететін 9-класта оқитын мектеп оқушысы анықталды. Оларды мектептен шыққан бойда алып кетіп, күн батқанша қызметін пайдалануды жөн санайтын тұрақты тұтынушылары бар, - дейді бөлім бастығы. baq.kz