Жеңіл жүрісті қыздардың 60-70 пайызы студенттер

4
4791

Астана. 7 ақпан. Baq.kz – Қырғыз елінің астанасындағы жеңіл жүрісті әйелдердің 60-70 пайызы жоғарғы оқу орындарының студенттері, – деп мәлімдеді Адам саудасы мен құқын қорғау жөніндегі бірлестік бөлімінің бастығы Саламат Адылов БАҚ өкілдерімен болған арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жүрісі жеңіл ұзынетектілер үнемі Бішкекте қызмет көрсетпейтін көрінеді.
– Көп ретте олар пәтерақыға немесе азық-түлікке ақша керек болған кезде ғана, бір-екі күн бойы жиіркенішті жұмысқа бел шеше кірісуге мәжбүр. Осы мақсатта олар апта бейсенбісінің кешінде топтасып алып, Алматыны бетке алудан да бас тартпайды. Әрине, жезөкшелікпен айналысу үшін. Көптеген студенттер осындай күйде жүр. Тіпті, мұндайлардың қызметі жаға ұстатарлықтай. Мысалы, өз қызметін 80 мың сомға дейін бағалайтындар да бар» – дейді С. Адылов.

– Бүгінгі таңда 3,5 мыңға жуық нәзік жандылар Бішкек түнінде интимдік-қызмет ұсынумен айналысады. Олардың арасында 13 жастағылары да кездеседі. Тіпті, керек болса сақтануды былай қойып, өзінің не істеп, не қойып жүргенін білмейтіндер де жоқ емес. Жақында ғана осындай қызмет көрсететін 9-класта оқитын мектеп оқушысы анықталды. Оларды мектептен шыққан бойда алып кетіп, күн батқанша қызметін пайдалануды жөн санайтын тұрақты тұтынушылары бар, – дейді бөлім бастығы.

baq.kz

4 ПІКІРЛЕР

  1. Азғындаған жас ертең ел егесі болғанда не істейді ұрпағына не тәрбие береді,Бәр пәлені жұмыспен жоқшылыққа жаппай бір сәт мейіріміңді балаңа беру шарт,Жоқшылықпен қазіргі болып жатқан жағдайға өзіміз кіналымыз тегінде көп қорқытады терең батырады үндемеген сайын бұл қорқаулар ойына не келсе соны істеп жатыр,

  2. Жастардың бұндай жағдайға жетуіне заман кінәлі.Кәзіргі баяғындағы партия, комсомол, пионер,октябрят деген ұйымдар секілді мектепте тәрбие ұйымдары қарастырылмаған.Баяғыда үлкендер партиядан қорқып өзінің ар-намысына кір келтірмеуге тырысатын.Қызыметтегі еркектер жас бойжеткендерді алдап, ерігіп көңіл көтермек тұрмақ, өз әйелін боқтауға, артық сөз айтуға қорқатын.Комсомол, пионер деген үлкен авторитет, қызыл галстугміз ең құрметті дүниеміз болды. Лениннің өзін құдайдан кем көрмедік. Тіпті әлі күнге «Ленин» деп атамай «Ленин ата» дейміз.Ол кездерде мектептерде тәрбие сағаттарында кітапты күтіп ұстау, қағаз қайдан келеді, оны жыртуға болмайтынын, үлкенге үйде, көшеде қалай құрмет көрсету керек, ананы, әкені қайлай сыйлау,амандасу, жол беру, орын беру, Отанды сүю, табиғатты қорғау,құстарға ұя салу,көкті жұлмау,бәрі-бәрі туралы керемет тәрбие жүргізілетін.Қазір тек Патриоттық тәрбие ғана жолға қойылған қалғаны ата заң, жолдау,спорт т.б.Ал мектептегі «жас ұландар» ұйымының жұмысы көк галстук тағумен шектеледі.Көк галстуктің қасиетін оқушылар онша сезінбейді.
    Жастардың жезөкшелікке салынуының бір себебі ата-аналардың балаларына тәрбие беруге жұмысбастылықтан, күн көріс көзін табу қамымен қолдарының тимеуі салдары болса, екінші себебі қоғамдағы байлардың баласы мен кедей отбасының баласы бір оқу орнында оқығанда, байдың баласы машинамен жүреді, қолында қымбат сотка, үстінде үнемі қымбат шуба, кожный куртка, қалтасы толған ақша, ішкені алдында, ішпегені артында, кез келген мұғаліміңе де анау-мұнауыңа пысқырмайды,талтаңдап кедейдің баласына мұрнын шүйіріп менсінбей қарайды.Соны көрген кейбір жас жеткіншектер жоқшылықтың салдарынан оңай жолмен ақша табудың жолын іздестіреді.
    Өзің құлап жатып, сүрінгенге күлме деген.Жастарға жағдай жасай алмай, оларды осындай жағдайға жеткізіп отырған қырғыздардың да, қазақтардың да ақшадан басқа ештемені ойламайтын «жебірлері» кінәлі. Жастар тәрбиесімен айналысып отырған ұйымдар, осындай жастармен жұмыс істемесе оларды жабу керек, олар үкіметтен не үшін айлық алып отыр.Жастар ұйымы жастарды жақсылыққа тартудың жолын білсе, жастар өсіп келе жатқан жас қайың секілді. Маған осы қоғам ішінен іріңдеп жатқан жара сияқты көрінеді.Ірің жарылмай тұрғанда емдеу керек қой.

  3. Адам аздыма заман тоздыма ай дейтін ажа қой дейтін қожа жоқ,Зинақорлықты тыю үшін мектептерде анау мынау өзінтану пәндердің орнына ислам құндылықтарын оқытып дұрыс жолға тәрбиелеу керек демократия,зайрлылықтың құндылығы осы болса өздерімен кетсін,Бізге айуандық емес адамдық керек,Аш бала тоқ баламен ойнамайды студент жастардың әлеуметтік жағдайын көтеріп болашақ маман ретінде қалыптпасуына жәрдем жасалуы керек азғынданған жас

    азғын

  4. маскара!Кудай сактасын!тыныш заман да,тыныштыкпен омир суре алмагасын не сурарсын,олардан.бели шыкпай бузакылыкка бой алдырган не деген тарбие кормеген жандар,аке-шешелерин неге бир сат ойламайды екен…»есектин котин жуда акша тап»-деген,булар оданда зорын истеп жатыр.айтарым,кыздар адаспандар,шыдандар!бул омир сынак!бари отип кетеди,акшадан киналган бул кундерин де отип жаксы маман,суйикти жар боласындар,тек кателесип откинши гой деп журип,отип кетпендер!Журектерине иман уялатып,мешитке барып ниет етиндер,Аллам баринде кеширеди,али кеш емес,оянындар арулар!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз